АҚЫЛЫ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТТЕРІН КӨРСЕТУГЕ АРНАЛҒАНЖАРИЯ ОФЕРТА ШАРТЫ
Астана қаласы
"Coventry Kazakhstan" шетелдік оқу орны"жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – «Орындаушы»), Жарғы негізінде әрекет ететін Президенті Дауленов М.М.-нің атынан осы құжатты ақылы білім беру қызметтерін көрсету туралы шарт жасасу жөніндегі жария оферта ретінде жариялайды. Осы оферта Орындаушының білім беру бағдарламаларының бірінде оқудан өтуге ниет білдірген жеке тұлғаларға (резиденттер мен резидент еместерге), бұдан әрі «Тапсырыс беруші», арналған. Осы шарттың талаптарын акцепттеу (қабылдау) Орындаушы мен Тапсырыс беруші арасында Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 395–397-баптарына сәйкес шарт жасалғанын білдіреді.
1. Шарттың мәні
1.1. Орындаушы Тапсырыс берушіге ақылы білім беру қызметтерін (бұдан әрі – қызметтер) көрсетуге міндеттенеді.
1.2. Тапсырыс беруші осы шартта белгіленген тәртіп пен талаптарға сәйкес қызметтер үшін ақы төлеуге міндеттенеді.
1.3. Оқытудың басталу және аяқталу мерзімі, білім беру қызметтерінің саны мен ұзақтығы, білім беру бағдарламалары және өзге де шарттар Орындаушының Веб-сайтында жарияланады. Білім беру қызметтерін көрсету мерзімдері мен тәртібіне енгізілетін кез келген өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер Орындаушы өкілдері Тапсырыс берушіге телефон қоңырауы арқылы, «WhatsApp» немесе «Telegram» мессенджерлері арқылы тиісті хабарлама жіберу жолымен, сондай-ақ Тапсырыс берушінің электрондық поштасына жіберу арқылы хабарлануы мүмкін. Бұл ретте Тапсырыс беруші Орындаушыдан келіп түскен хабарламаны дербес және уақтылы тексеруге міндетті.
1.4. Жария оферта шарты ресми құжат болып табылады және https://coventry.edu.kz веб-сайтында жарияланады.
2. Шарт жасасу талаптары
2.1. Осы құжат жария оферта болып табылады. Орындаушының ресми веб-сайтында орналастырылуы шарт жасасу туралы ұсыныс болып есептеледі.
2.2. Офертаны акцепттеу деп Тапсырыс берушінің келесі әрекеттерінің кез келгені танылады: білім беру қызметтері үшін төлем жасау; қызметтерді алуға келісім білдіретін өзге де айқын әрекеттер жасау.
2.3. Акцепт сәтінен бастап осы шарт жасалды және тараптар оны орындауға міндетті деп есептеледі.
2.4. Осы офертаны акцепттегеннен кейін Тапсырыс беруші мен Орындаушы оқытудың ресми басталу мерзімі аяқталғанға дейін немесе Орындаушы тарапынан жіберілген хабарламада көрсетілген мерзімнен кешіктірмей, қағаз түрінде немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы бөлек жазбаша шарт жасасуға міндеттенеді. Қағаз түрінде немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы бөлек жазбаша шартқа қол қою Орындаушының таңдалған білім беру бағдарламасына түсу талаптарына сәйкес келетінін растайды.
3. Оқу ақысы және есеп айырысу тәртібі
3.1. Білім беру бағдарламаларының өзекті ақысы Орындаушының ресми веб-сайтында жарияланады. Акцепттеу сәтіндегі ақы сол Тапсырыс беруші үшін бекітілген болып саналады. 3.2. Осы Офертаны акцепттеген кезде Тапсырыс беруші мыналарды төлеуге міндеттенеді:
1) тіркеу алымын:
23 000 (жиырма үш мың) теңге — Қазақстан Республикасының резиденттері үшін;
45 (қырық бес) АҚШ доллары — Қазақстан Республикасының резидент еместері үшін;
2) оқу үшін бастапқы төлемді:
1 569 000 (бір миллион бес жүз алпыс тоғыз мың) теңге — Қазақстан Республикасының резиденттері үшін;
3 000 (үш мың) АҚШ доллары — Қазақстан Республикасының резидент еместері үшін.
3.3. Қызметтерге төлем жасаған кезде Тапсырыс беруші төлем тапсырмасында тіркеу деректерін (аты-жөні, әкесінің аты, ЖСН және білім алушыға қатысты өзге де деректер болған жағдайда) көрсетуге міндетті. Егер төлемді басқа адам (үшінші тұлға) жасаса, ол да Білім алушының деректерін көрсетуі тиіс.
3.4. Тапсырыс беруші Орындаушының қабылдау комиссиясына таңдалған білім беру бағдарламасына түсуге өтініш пен білім туралы құжаттарды тапсырып, тіркеу алымын төлейді. Осыдан кейін қабылдау комиссиясы өтініш пен құжаттарды қарастырады. Оң шешім қабылданған жағдайда білім алушы қабылдау рәсімінің келесі кезеңдеріне жіберіледі.
3.5. Өтініш Орындаушы тарапынан мақұлданғаннан кейін Тапсырыс беруші осы Шарттың 3.2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген соманы төлейді.
3.6. Бастапқы төлем мен тіркеу алымы бір реттік төлем болып табылады және осы офертаны акцепттеудің міндетті шарты болып саналады. Көрсетілген сомаларды төлеу оферта шартын жасасуды және оның талаптарымен келісілгенін растайды.
3.7. Төлем Орындаушының есеп айырысу шотына қолма-қол ақшасыз тәсілмен немесе Орындаушы мақұлдаған өзге де төлем құралдары арқылы жүргізіледі: Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын білім алушылар үшін төлем тек теңгемен Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес жүргізіледі; Қазақстан Республикасының резидент еместері болып табылатын білім алушылар үшін төлем қолданылатын валюталық реттеу ережелеріне сәйкес шетел валютасында жүргізілуі мүмкін.
3.8. Оқудан бас тартқан, оқудан шығарылған немесе шартты өзге себептермен бұзған жағдайда тіркеу алымы мен бастапқы төлем қайтарылмайды. Басқа төлемдерді (ішінара немесе толық төленген жағдайда) қайтару Орындаушының ішкі саясаттары мен регламенттеріне және Орындаушы мен Тапсырыс беруші арасында жасалған бөлек жазбаша шарттың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
4.1. Орындаушы міндеттенеді: таңдалған бағдарламаға сәйкес көлемде және мерзімде білім беру қызметтерін көрсетуге; білім беру материалдарына, оқытушылар құрамына және инфрақұрылымға қолжетімділікті қамтамасыз етуге; Тапсырыс берушіні оқу барысы және қызметтерді көрсету процесіндегі ықтимал өзгерістер туралы хабардар етуге; Тапсырыс берушінің жеке деректерінің құпиялылығын сақтауға.
4.2. Тапсырыс беруші міндеттенеді: қызметтер үшін төлемді уақытылы жүргізуге; Орындаушының ішкі ережелерін, академиялық талаптары мен тәртіп нормаларын сақтауға; тіркеу кезінде шынайы мәліметтерді ұсынуға; жеке деректерді жинау және өңдеу үшін дұрыс ақпарат беруге; Орындаушының жазбаша рұқсатынсыз алған білім беру материалдарын үшінші тұлғаларға бермеуге.
5.Тараптардың жауапкершілігі
5.1. Осы шарт бойынша міндеттемелерді орындамау немесе тиісінше орындамау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеледі.
5.2. Орындаушы форс-мажор жағдайларының (табиғи апаттар, әскери іс-қимылдар, нормативтік тыйымдар, эпидемиялар және т.б.) салдарынан қызметтерді көрсету мүмкін болмағаны үшін жауап бермейді.
6. Форс-мажор
6.1. Тараптар осы шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін, егер ол құзыретті органдармен расталған тосқауылсыз күш жағдайларымен байланысты болса, жауапкершіліктен босатылады.
6.2. Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі форс-мажор болған кезеңде ауыстырылады.
7. Қорытынды ережелер
7.1. Осы жария оферта Орындаушының ресми веб-сайтында орналастырылған сәттен бастап күшіне енеді және ол қайтарылғанға дейін немесе Орындаушы мен Тапсырыс беруші арасында бөлек жазбаша шарт жасалғанға дейін әрекет етеді.
7.2. Осы шарт-оферта Орындаушының есеп айырысу шотына оқу ақысы түскен сәттен бастап жасалған деп есептеледі.
7.3 Осы Шарт шеңберінде туындайтын барлық даулар келіссөздер арқылы шешілуі тиіс. Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда дау Орындаушының орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасының сотында қаралады.
7.4. Осы шартқа қолданылатын құқық — Қазақстан Республикасының құқығы.
7.5. Оқу жылы басталғанға дейін Орындаушы мен Тапсырыс беруші арасында бөлек жазбаша шарт жасалуы тиіс. Мұндай жағдайда жазбаша шартта өзгеше көрсетілмесе, тараптардың өзара қарым-қатынасы шартқа қол қойылған күннен бастап реттеледі.
8. Орындаушының деректемелері
"Coventry Kazakhstan" шетелдік оқу орны" ЖШС
БСН 230440005206
Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Қорғалжын көшесі, 13А
Нақты мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Қорғалжын көшесі, 13А
АҚ «Народный Банк Казахстана»
БСН HSBKKZKX
KZ96601A871033835021 (USD)
ЖСК KZ74601A871028463751 (KZT)
Президент Дауленов Мирас Мухтарович