Coventry University Kazakhstan университетіне қабылдау

Егер сіз өтінім беру үдерісін енді ғана бастап жатсаңыз немесе оқуға қабылдану туралы ұсынысты қазірдің өзінде қабылдаған болсаңыз, сізге қабылдау кезеңдерінің әрқайсысында толық қолдау көрсетіледі.

Дайындық жылына қабылдау

Дайындық жылына өтінім қабылдау ашық. Бұл бағдарлама «Бизнес» және «Компьютерлік ғылымдар» бағыттары бойынша бакалавриат бағдарламаларына жол ашады. Оқуды 2026 жылдың қаңтарында немесе 2026 жылдың қыркүйегінде бастауға болады. 

Дайындық жылына қабылдау талаптары

Басталуы: 12 қаңтар

  • IELTS* кемінде 5.5 (әр компонент бойынша 5.0-ден төмен емес) немесе ағылшын тілін білуді растайтын баламалы сертификат (мысалы, TOEFL).
  • Орта білім туралы аттестат және оның қосымшасы.
  • ҰБТ (Ұлттық бірыңғай тестілеу) міндетті емес.

Басталуы: 14 қыркүйек

  • IELTS* кемінде 5.0 (әр компонент бойынша 4.5-ден төмен емес) немесе ағылшын тілін білуді растайтын баламалы сертификат (мысалы, TOEFL).
  • Орта білім туралы аттестат және оның қосымшасы.
  • ҰБТ (Ұлттық бірыңғай тестілеу) міндетті емес. 

Ағылшын тілін білуге қойылатын талаптар ағылшын тілі ресми тіл немесе оқу тілі болып табылатын елде кемінде 3 жыл оқыған студенттер үшін алынып тасталуы мүмкін. Әрбір жағдай жеке тәртіпте қарастырылады.

Өтінім беру нұсқаулығы

1. Тіркелгіңізде көрсетілген электрондық пошта мен ұялы телефон нөмірінің өзекті екеніне көз жеткізіңіз, себебі олар қабылдау үдерісі барысында барлық байланыстар үшін қолданылады.

2. Қалаған дәрежеңіз бен бағдарламаны таңдаңыз.

3. Қабылдау комиссиясы өтінімді тек сіз таңдаған дәреже мен бағдарлама бойынша ғана қарастырады. Егер өтінім қабылданбаса, сіз басқа бағдарламаға немесе дәрежеге қайта өтінім бере аласыз.

4. Қайтарылмайтын тіркеу жарнасы — 23 000 теңге — өтінім берген кезде төленеді.

Келесі құжаттарды дайындаңыз: 

  1. Паспорттың немесе жеке куәліктің электрондық көшірмесі (екі жағы)
  2. Паспорт өлшеміндегі фотосуреттің электрондық көшірмесі
  3. Орта білім туралы аттестат пен қосымшасының сканерленген көшірмесі (бағалары көрсетілген тізімдемемен) НЕМЕСЕ UK 5 GCSE/IGCSE (бағалар A-E), *НЕМЕСЕ екі GCE A-level (бағалар A-E), НЕМЕСЕ International Baccalaureate дипломы, НЕМЕСЕ Middle Years Programme International Baccalaureate дипломы (қолданылатын нұсқаға байланысты). 
  4. Бар болған жағдайда, Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) сертификатының сканерленген көшірмесі
  5. Бар болған жағдайда, IELTS немесе TOEFL тесті нәтижесінің электрондық көшірмесі
  6. Ата-ананың немесе заңды өкілдің байланыс деректері

* Егер құжат бірнеше беттен тұрса, оны бір файл ретінде жіберіңіз.

Оқуға қабылдау ұсынысын растау

Оқуға қабылдау туралы хат алғаннан кейін өз орныңызды растау үшін келесі қадамдарды орындаңыз:

1. Электрондық поштаңызға жіберілген сілтеме арқылы ұсынысты қабылдаңыз.

2. Келісім-шартқа қол қойыңыз.

3.Өз орныңызды бекіту үшін Дайындық жылы бағдарламасы бойынша оқу ақысының бір бөлігі ретінде 3000 АҚШ доллары мөлшерінде бастапқы төлем жасаңыз. Бұл сома жалпы оқу ақысынан шегеріледі.

4. Оқу басталғанға дейін 50 000 теңге көлемінде міндетті кепілдік депозитін төлеу қажет.

Дайындық жылы бағдарламасына қазір өтініш беріңіз

Бакалавриатқа қабылдау

3 жылдық бакалавриат бағдарламаларына өтінім қабылдау ашық.
Оқудың басталуы: 2026 жылдың қыркүйек айы

Бакалавриатқа түсушілерге қойылатын талаптар:

  • IELTS* кемінде 6.0 (әр компонент бойынша 5.5-ден төмен емес) немесе ағылшын тілін білуді растайтын баламалы сертификат (мысалы, TOEFL)
  • Халықаралық деңгейде мойындалған бағдарлама бойынша қосымшасымен бірге орта білім туралы аттестат (12 немесе 13 жылдық оқу) немесе соған тең дәрежедегі біліктілік.
  • ҰБТ (Ұлттық бірыңғай тестілеу) міндетті емес. 

* Ағылшын тілін білуге қойылатын талаптар ағылшын тілі ресми тіл немесе оқу тілі болып табылатын елде кемінде 3 жыл оқыған студенттер үшін алынып тасталуы мүмкін. Әрбір жағдай жеке тәртіпте қарастырылады.

Өтінім беру нұсқаулығы

1. Тіркелгіңіздегі электрондық пошта мен мобильдік телефон нөмірінің өзекті екеніне көз жеткізіңіз, себебі олар қабылдау үдерісі барысында барлық байланыстар үшін пайдаланылады.

2. Қалаған дәреже мен бағдарламаны таңдаңыз.

3. Қабылдау комиссиясы өтінімді тек сіз таңдаған дәреже мен бағдарлама бойынша қарастырады. Егер өтінім қабылданбаса, оны басқа бағдарламаға немесе дәрежеге қайта тапсыра аласыз.

4. Өтінім беру кезінде қайтарылмайтын тіркеу жарнасы 23 000 теңге төленеді.

Келесі құжаттарды дайындаңыз:

  1. Паспорттың немесе жеке куәліктің электрондық көшірмесі (екі жағы)
  2. Паспорт өлшеміндегі фотосуреттің электрондық көшірмесі
  3. Орта білім туралы аттестат пен қосымшаның сканерленген көшірмесі НЕМЕСЕ UK 5 GCSE/IGCSE (бағалар A*-E), *НЕМЕСЕ екі GCE A-level (бағалар A-E), НЕМЕСЕ International Baccalaureate дипломы, НЕМЕСЕ Middle Years Programme International Baccalaureate дипломы
  4. Бар болған жағдайда, Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) сертификатының сканерленген көшірмесі
  5. Бар болған жағдайда, IELTS немесе TOEFL тесті нәтижесінің электрондық көшірмесі
  6. Ата-ананың немесе заңды өкілдің байланыс деректері

* Егер құжат бірнеше беттен тұрса, оны бір файл ретінде жіберіңіз.

Оқуға қабылдау ұсынысын растау

Оқуға қабылдау туралы хат алғаннан кейін өз орныңызды растау үшін келесі қадамдарды орындаңыз:

1. Электрондық поштаңызға жіберілген сілтеме арқылы ұсынысты қабылдаңыз.

2. Келісім-шартқа қол қойыңыз.

3. Өз орныңызды бекіту үшін Бакалавриат бағдарламасы бойынша оқу ақысының бір бөлігі ретінде 3000 АҚШ доллары мөлшерінде бастапқы төлем жасаңыз. Бұл сома жалпы оқу ақысынан шегеріледі.

4. Оқу басталғанға дейін 50 000 теңге көлемінде міндетті кепілдік депозитін төлеу қажет.

Бакалавриат бағдарламасына қазір өтініш беріңіз

Магистратурада қабылдау

Өтінімдер MBA Global Business (Executive) бағдарламасына қабылдануда.
Басталу күні: 2026 жылдың қаңтары

Магистратура бағдарламасына түсушілерге қойылатын талаптар:

  • IELTS* кемінде 6.5 (әр компонент бойынша 5.5-ден төмен емес) немесе ағылшын тілін білуді растайтын баламалы сертификат 
  • Бакалавр дипломы және қосымша (бағалары көрсетілген тізімдемемен).
  • Кемінде 2 жыл жұмыс өтілі

* Ағылшын тілін білуге қойылатын талаптар ағылшын тілі ресми тіл немесе оқу тілі болып табылатын елде кемінде 3 жыл оқыған студенттер үшін алынып тасталуы мүмкін. Әрбір жағдай жеке тәртіпте қарастырылады.

Өтінім беру нұсқаулығы

1. Тіркелгіңізде көрсетілген электрондық пошта мен мобильдік телефон нөмірінің өзекті екеніне көз жеткізіңіз, себебі олар қабылдау үдерісі барысында барлық байланыс үшін қолданылады.

3. MBA Global Business (Executive) бағдарламасын таңдаңыз.

2. Өтінім берген кезде 46 000 теңге көлемінде қайтарылмайтын тіркеу жарнасын төлеңіз.

Келесі құжаттарды дайындаңыз:

  1. Паспорттың немесе жеке куәліктің электрондық көшірмесі (екі жағы)
  2. Түйіндеме (резюме)
  3. Жұмыс орнынан анықтама немесе кемінде 2 жыл еңбек өтілін растайтын құжат
  4. Паспорт форматындағы фотосуреттің электрондық көшірмесі
  5. Бакалавр дипломының және транскриптің сканерленген көшірмесі (бағалары көрсетілген тізімдемемен) 
  6. IELTS/TOEFL сертификатының электрондық көшірмесі

* Егер құжат бірнеше беттен тұрса, оны бір файл түрінде жіберіңіз.

Оқуға қабылдау ұсынысын растау

Оқуға қабылдау туралы хат алғаннан кейін өз орныңызды растау үшін келесі қадамдарды орындаңыз:

1. Электрондық поштаңызға жіберілген сілтеме арқылы ұсынысты қабылдаңыз.

2. Келісім-шартқа қол қойыңыз.

3. MBA бағдарламасына тіркелуді растау үшін 3000 АҚШ доллары көлемінде бастапқы төлем жасаңыз. Бұл сома жалпы оқу ақысының құрамынан шегеріледі. 

Global Business MBA бағдарламасына өтініш беріңіз
Байланыс

WhatsApp

+7 (778) 317-33-46

Қабылдау мәселелері бойынша кеңес алу үшін бізге келіңіз:

Қазақстан, Астана қаласы, Қорғалжын тас жолы, 13А