Бакалавриатқа қабылдау
Бакалавриатқа қабылдау
3 жылдық бакалавриат бағдарламаларына өтінім қабылдау ашық.
Оқудың басталуы: 2026 жылдың қыркүйек айы

Бакалавриатқа түсушілерге қойылатын талаптар:
- IELTS* кемінде 6.0 (әр компонент бойынша 5.5-ден төмен емес) немесе ағылшын тілін білуді растайтын баламалы сертификат (мысалы, TOEFL)
- Халықаралық деңгейде мойындалған бағдарлама бойынша қосымшасымен бірге орта білім туралы аттестат (12 немесе 13 жылдық оқу) немесе соған тең дәрежедегі біліктілік.
- ҰБТ (Ұлттық бірыңғай тестілеу) міндетті емес.
* Ағылшын тілін білуге қойылатын талаптар ағылшын тілі ресми тіл немесе оқу тілі болып табылатын елде кемінде 3 жыл оқыған студенттер үшін алынып тасталуы мүмкін. Әрбір жағдай жеке тәртіпте қарастырылады.
Өтінім беру нұсқаулығы
1. Тіркелгіңіздегі электрондық пошта мен мобильдік телефон нөмірінің өзекті екеніне көз жеткізіңіз, себебі олар қабылдау үдерісі барысында барлық байланыстар үшін пайдаланылады.
2. Қалаған дәреже мен бағдарламаны таңдаңыз.
3. Қабылдау комиссиясы өтінімді тек сіз таңдаған дәреже мен бағдарлама бойынша қарастырады. Егер өтінім қабылданбаса, оны басқа бағдарламаға немесе дәрежеге қайта тапсыра аласыз.
4. Өтінім беру кезінде қайтарылмайтын тіркеу жарнасы 23 000 теңге төленеді.
Келесі құжаттарды дайындаңыз:
- Паспорттың немесе жеке куәліктің электрондық көшірмесі (екі жағы)
- Паспорт өлшеміндегі фотосуреттің электрондық көшірмесі
- Орта білім туралы аттестат пен қосымшаның сканерленген көшірмесі НЕМЕСЕ UK 5 GCSE/IGCSE (бағалар A*-E), *НЕМЕСЕ екі GCE A-level (бағалар A-E), НЕМЕСЕ International Baccalaureate дипломы, НЕМЕСЕ Middle Years Programme International Baccalaureate дипломы
- Бар болған жағдайда, Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) сертификатының сканерленген көшірмесі
- Бар болған жағдайда, IELTS немесе TOEFL тесті нәтижесінің электрондық көшірмесі
- Ата-ананың немесе заңды өкілдің байланыс деректері
* Егер құжат бірнеше беттен тұрса, оны бір файл ретінде жіберіңіз.
Оқуға қабылдау ұсынысын растау
Оқуға қабылдау туралы хат алғаннан кейін өз орныңызды растау үшін келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Электрондық поштаңызға жіберілген сілтеме арқылы ұсынысты қабылдаңыз.
2. Келісім-шартқа қол қойыңыз.
3. Өз орныңызды бекіту үшін Бакалавриат бағдарламасы бойынша оқу ақысының бір бөлігі ретінде 3000 АҚШ доллары мөлшерінде бастапқы төлем жасаңыз. Бұл сома жалпы оқу ақысынан шегеріледі.
4. Оқу басталғанға дейін 50 000 теңге көлемінде міндетті кепілдік депозитін төлеу қажет.