Трансұлттық білім – болашақ, және бұл болашақ қазір Қазақстанда
Астана, Қазақстан – 2025 жылғы 30–31 қазан. Қазақстанның жоғары білім беру жүйесі қарқынды өзгеріп келеді. Ел жаһандық стандарттарды қабылдап, инновациялық серіктестіктер мен заманауи оқыту технологияларын енгізу арқылы халықаралық білім беру саласында өңірлік хабқа айналуда.
Студенттерді шетелге жіберуден – әлемдік деңгейдегі университеттерді Қазақстанға тартуға көшу сапалы білімге қолжетімділіктің жаңа кезеңін ашты. Бұл өзгерістің өзегінде трансұлттық білім (TNE) тұр. Ол халықаралық тәжірибені жергілікті мақсаттармен ұштастырып, қазақстандық жастарды жаһандық еңбек нарығында табысты болуға дайындайды.
Осы үрдістің алдыңғы қатарында Coventry University Kazakhstan – Астанадағы алғашқы британ университеті тұр. Жуырда университет профессор Пол Нун OBE, Coventry University Кәсіпкерлік және инновациялар жөніндегі проректор, CU Services Ltd компаниясының бас делегацияны қабылдады. Сапар аясында профессор Нун халықаралық ынтымақтастықты, білім берудегі инновацияны және стратегиялық серіктестіктерді дамытуға арналған бірқатар кездесулер өткізді.
Екі күн ішінде профессор Нун саясаткерлермен, өнеркәсіп саласының жетекшілерімен және білім беру саласының өкілдерімен кездесті, стратегиялық дөңгелек үстелдерге қатысты және «Қазақстан – академиялық білім аймағы» ІІ форумы аясында Стратегиялық серіктестер кеңесінің отырысында ҚР Тәуелсіздік сарайында Coventry University атынан сөз сөйледі.
Кездесулер кезінде профессор Нун Қазақстанның жоғары білім картасында өсуін атап өтті:
«Coventry University бірнеше елде жұмыс істейді. Қазақстан — кампустар ашуға, үкіметпен бірге жұмыс істеугежәне студенттер қабылдауға ең белсенді орындардың бірі», — деді профессор Noon. «Бұл біз білетін еңқызықты нарықтардың бірі».
2025 жылғы 30 қазанда Coventry University Kazakhstan ұйымдастырған «Қазақстан – өңірлік хаб: трансұлттық білім сапасы және аккредитация» атты дөңгелек үстел отырысына министрліктің стратегиялық серіктестері, мемлекеттік органдар, аккредиттеу ұйымдары мен халықаралық кампустардың басшылары қатысты. Іс-шараға Британ Кеңесі мен Ұлыбритания Елшілігі қолдау көрсетті.
Талқылау барысында атап өтілгендей, талантты студенттердің шетелге кетуге мәжбүр болатын кезеңі артта қалды. Енді трансұлттық білім беру (TNE) арқылы Қазақстанның ең үздік жастары өз елінде отырып-ақ британдық сападағы дипломға қол жеткізе алады. Бұл ұлттық кадрлық әлеуетті сақтауға және жоғары білімді елдің экономикалық әрі өнеркәсіптік басымдықтарымен ұштастыруға мүмкіндік береді.
Ковентри университетінің Мысыр, Марокко, Сингапур, Қытай және Польшадағы жаһандық кампустарды дамыту тәжірибесіне сүйене отырып, профессор Нун трансұлттық білім берудегі табыстың кілті — тыңдау, үйрену және бейімделу екенін атап өтті.
«Әрбір елдің өз қажеттіліктері мен талаптары бар, ал университеттер халыққа, экономикаға және өнеркәсіпке қызмет етуге арналған — білім, зерттеу немесе кәсіпкерлік арқылы», — деді ол. «Мұнда, Қазақстанда, біз әріптестік аясында экономикаға, студенттерге және өсуге қозғаушы салаларға қалай ең жақсы қолдау көрсете алатынымызды түсінуіміз керек».
Профессор Нун сонымен қатар сапа мен сенімділіктің маңыздылығына ерекше тоқталды:
«Бұл — біздің дипломдарымыздың сапасын, өнеркәсіпке берілетін дайындық деңгейін және олардың жергілікті нарықтың нақты қажеттіліктеріне сай болуын қамтамасыз ету туралы», — деді ол.
Сонымен қатар профессор Нун Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің инновацияға ашық ұстанымын және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға деген ұмтылысын ерекше атап өтті. Оның айтуынша, министрліктің бастамалары елдегі жоғары білім беру саласының жаңаша серпін алуына ықпал етуде:
«Қазақстан университеттерге инновациялық бағытта дамуға, жаңа идеяларды сынауға және нарыққа батыл қадаммен шығуға мүмкіндік беріп отыр. Егер министрліктің энергиясы мен қолдауы болмаса, біз мұндай нәтижеге қысқа уақытта жете алмас едік. Біз бұл ынтымақтастыққа шын жүректен ризамыз», — деді ол.
Профессор Нун өткен жылы «Болашақ» халықаралық стипендиялық бағдарламасымен басталған ұзақ мерзімді серіктестікті атап өтті. Бұл ынтымақтастық Ковентри университетіне Қазақстан экономикасы мен еңбек нарығының нақты қажеттіліктерін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
«Біз өз кампусымызды ашпастан бұрын, “Болашақ” бағдарламасымен бес-алты жыл бойы жұмыс істедік», — деді профессор Нун. «Бұл тәжірибе бізге жергілікті өнеркәсіптің сұранысын және елдің дамуы үшін маңызды бағыттарды жақсы түсінуге көмектесті. Бұл — өзара түсіністік пен бірлесе даму жолы, яғни толыққанды екіжақты серіктестік».
Бүгінде Coventry University Kazakhstan еліміздің жоғары білім беру жүйесінің дамуына белсенді үлес қосып келеді. Университет халықаралық деңгейде мойындалған оқу бағдарламаларын ұсынып, инновация мен ғылыми алмасуды дамытуда.
Мемлекеттік органдармен және жергілікті серіктестермен бірлесе жұмыс істей отырып, университет Қазақстандағы білім беру сапасын жаһандық стандарттарға сай етуге және оны елдің экономикалық дамуының негізгі бағыттарымен үйлестіруге өз үлесін қосуда.
«Coventry University Kazakhstan өңірдегі жоғары білімнің болашағын қалыптастырудағы рөлін нығайта түсуде», — деді Мирас Дауленов, Coventry University Kazakhstan президенті. «Профессор Пол Нунның стратегиялық дөңгелек үстелдер мен халықаралық форумдарға қатысуы біздің ортақ миссиямызды айқындайды — инновациялық білімге жол ашу, трансұлттық білім берудің сапасын қамтамасыз ету және Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы берік көпірлерді орнату. Біз бірлесе отырып, студенттерге кең мүмкіндіктер ашатын әрі елдің тұрақты дамуына үлес қосатын халықаралық деңгейдегі бағдарламаларды дамытып келеміз».
Қазақстан 2029 жылға дейін 100 000 халықаралық студент тарту мақсатын көздеп отыр. Осы бағытта Coventry University Kazakhstan секілді бастамалар халықаралық серіктестіктердің ұлттық білім беру жүйесін нығайтып, өңір мен әлемнің түкпір-түкпірінен келген студенттер үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын дәлелдейді.
Coventry University Group — Ұлыбританияның жетекші заманауи университеттерінің бірі. The Complete University Guide 2026 рейтингі бойынша заманауи университеттер арасында 14-орында, Teaching Excellence Framework (TEF) жүйесінде «Gold» мәртебесіне ие және оқыту, зерттеу, түлектердің жұмысқа орналасуы мен инфрақұрылым сапасы бойынша 5 QS Stars көрсеткішін иеленген.
Coventry University Kazakhstan — астанадағы алғашқы британ университеті, Ұлыбританиядағы Coventry University лицензиясымен жұмыс істейтін ресми кампус. Университет өз жаһандық тәжірибесі мен жоғары академиялық стандарттарына сүйене отырып, Бизнес, Компьютерлік ғылымдар, Халықаралық қатынастар, Экономика және Қаржы бағыттарында бакалавриат бағдарламаларын, сондай-ақ MBA Global Business (Executive) және үздіксіз кәсіби даму курстарын ұсынады.