Қаржылық экономика бакалавры

Бакалавриат

Бағдарлама мазмұны студенттердің қазіргі талаптары мен қызығушылықтарына сәйкес келу үшін тұрақты түрде жаңартылып отырады.

Сипаттама

Бағдарлама экономика арқылы қаржы жүйелері, нарықтар және жаһандық экономиканың қалыптасуын тереңірек түсінгісі келетін мақсатты студенттерге арналған. Курс салалық тұрғыдан өзекті практикалық білім мен қаржы, экономикалық саясат немесе корпоративтік стратегия саласында табысты мансап құруға қажетті дағдыларды ұсынады.

Неліктен осы бағдарламаны таңдау керек

  • Тәжірибеден өту немесе шетелде оқу жылы: еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін өндірістік тәжірибеден өту немесе бір оқу жылын шетелде өткізу мүмкіндігі.
  • EconLab зертханасына қолжетімділік: Цифрлық экономика зертханасы шешім қабылдау үдерістерін, нарық динамикасын және саясаттың әсерін модельдеуге арналған. Мұнда ресурстарды бөлу, баламалы шығындар және ынтымақтастық сияқты негізгі экономикалық қағидаттар зерттеледі. Зертхана экономикалық ойындармен жабдықталған және эконометрика бойынша арнайы қолдау көрсетеді.
  • Математика және статистика бойынша қолдау: sigma Maths and Stats Support Centre орталығы тегін кеңес беруді drop-in форматында және алдын ала жазылу арқылы ұсынады.
  • Кәсіби құралдарға қолжетімділік: Bloomberg Terminals, LSEG, Fitch Connect және басқа да нақты деректер платформаларымен практикалық жұмыс (модульдерге біріктірілген), бұл экономистер мен қаржы талдаушылары қолданатын құралдармен тәжірибе алуға мүмкіндік береді.
  • Карьера және кәсіпкерлік қолдауы: түйіндеме дайындау, жұмыс берушілермен байланыс орнату және жеке жобаларды іске қосу бойынша көмек.
  • Студенттік қауымдастықтар: Economics Society, Investment Society және Coventry Business Club Society сияқты студенттік клубтарға қосылу мүмкіндігі.
  • Саладағы тәжірибе және байланыстар: Bloomberg, Cooper Parry Wealth және Fidelity International сияқты жетекші қаржы ұйымдарына оқу сапарларына қатысу.
  • Бағдарлама аясындағы нақты жобалар: саясат пен экономиканы талдау, бизнес стратегиясы мен қаржылық шешім қабылдау дағдыларын дамытуға бағытталған өндіріс қажеттіліктеріне негізделген симуляциялар мен тапсырмаларға қатысу.

Сіз не үйренесіз

БИЗНЕС БОЙЫНША ДАЙЫНДЫҚ ЖЫЛЫ

Басталуы: 15 қыркүйек 2025 ж

Күзгі семестр:

  • Академиялық тіл мен дағдыларды дамыту
  • Бизнес-коммуникациялар

Көктемгі семестр:

  • Академиялық тіл мен дағдыларды жетілдіру
  • Басқару негіздері
  • Бизнеске арналған маркетинг

Дайындық курсының модульдеріне қосымша, Coventry University Kazakhstan студенттері Қазақстан заңнамасы талап ететін келесі модульдерді де өтуі қажет:

  • Қазақ тілі
  • Қазақстан тарихы (ағылшын тілінде)

БИЗНЕС БОЙЫНША ДАЙЫНДЫҚ ЖЫЛЫ-  Қаңтар қабылдауы

Басталуы: 12 қаңтар 2026 ж.

Бұл мүмкіндік қыркүйектегі қабылдауды өткізіп алған немесе басқа университеттен ауысқысы келетін студенттер үшін өте қолайлы.

Көктемгі семестр:

  • Академиялық тіл мен дағдыларды жетілдіру
  • Бизнес-коммуникациялар
  • Басқару негіздері
  • Бизнеске арналған маркетинг

Дайындық курсының модульдеріне қосымша, Coventry University Kazakhstan студенттері Қазақстан заңнамасы талап ететін келесі модульдерді де өтуі қажет: 

  • Қазақ тілі
  • Қазақстан тарихы (ағылшын тілінде)

Дайындық жылы барысында оқу ұқсас бағыттарды таңдаған студенттермен бірге жүргізіледі. Бұл сізге жаңа таныстықтар орнатуға және ұқсас қызығушылықтар мен мақсаттары бар адамдармен байланыс құруға мүмкіндік береді. 

Оқу жалпы бірінші жылдан басталады. Бұл сізге ұқсас бағдарламалардағы студенттермен бірге оқуға мүмкіндік береді. Мұндай тәсіл білімді кеңейтуге, әртүрлі пәндер мен кәсіби салалармен танысуға, сондай-ақ тәжірибе және ой-пікір алмасу арқылы басқа студенттермен бірлесіп оқуға жағдай жасайды.

Егер бірінші жыл ішінде белгілі бір пәнге ерекше қызығушылық танытсаңыз, оны сәтті аяқтаған соң (жетістік талаптары орындалған жағдайда) жалпы бірінші жыл аясында басқа бағдарламаға ауыса аласыз.

Модульдер
Қолданбалы эконометрика және зерттеу дағдылары – 30 кредит

Бұл модуль эконометрикалық әдістерді пайдалана отырып, дербес зерттеу жүргізу дағдыларын дамытады. Деректерді талдау, классикалық сызықтық регрессиялық модель және оның алғышарттарының бұзылуының салдары қарастырылады. Сондай-ақ сипаттамалық талдау, бағалау, гипотезаны тексеру және жаһандық экономикалық және қаржылық деректер негізінде модельдеу әдістері зерттеледі.

Негізгі назар сандық нәтижелерді шешім қабылдауда қолдануға бағытталған. Модуль зерттеу әдіснамасын таңдау, сапалық және сандық жобаларды әзірлеу мен бағалау, сондай-ақ түрлі дереккөздермен жұмыс істеу құзыреттерін қалыптастырады.

Орта деңгейдегі микроэкономика – 30 кредит

Бұл модуль микроэкономикалық тұжырымдамаларды тереңірек меңгеруге және оларды практикалық қолдануға бағытталған. Компаниялар, мемлекет және үй шаруашылықтары деңгейінде шешімдерді бағалау үшін талдамалық және сыни ойлау дағдылары дамытылады.
Нарықтық құрылымдар, стратегиялық интеграция, мемлекеттік араласу, сондай-ақ еңбек экономикасы, мінез-құлық экономикасы және өнеркәсіптік ұйым салаларындағы модельдерді қолдану мәселелері қарастырылады. Бұл модуль экономика саласында терең зерттеу мен аналитикалық жұмысқа дайындықтың маңызды бөлігі болып табылады.

Банк ісі мен қаржы нарықтарының экономикасы – 30 кредит

Модульдің мақсаты – қаржылық реттеудің негіздемесін және қаржы жүйесіндегі реттеу бастамаларының тиімділігін бағалау үшін теориялық база қалыптастыру.
Ұлыбритания мен басқа елдердегі реттеу құрылымдары, сондай-ақ қаржы жүйесінің деңгейінде реттеуді жүзеге асыру тәсілдері талданады. Соңғы қаржылық дағдарыс кезінде анықталған реттеу мәселелеріне ерекше назар аударылады.

Ұлыбританияның қаржылық нормативтік ортасы мен басқа елдердің тәжірибесі салыстырылады, қаржылық қызметтерді реттеу инфрақұрылымы, негізгі заңнамалық актілер, реттеуші органдардың өкілеттіктері мен функциялары және кәсіби этиканың рөлі зерттеледі.
Сонымен қатар, корпоративтік басқарудың маңыздылығы, басқару мәселелері және тиімді корпоративтік басқару тетіктерін қолдау тәсілдері үйретіледі.

Модульдер
Ілгері микроэкономика және макроэкономика – 30 кредит

Күрделі экономикалық мәселелерді шешу үшін микро- және макроэкономикалық теория саласындағы терең білім мен талдау дағдыларын дамытады.

Микроэкономикалық бөлігі ойындар теориясын және оның экономикалық қолданылуын, стратегиялық өзара әрекеттесуді, ұтымды шешім қабылдауды, тұтынушылар, фирмалар мен үкімет арасындағы бәсекелестік мінез-құлықты, сондай-ақ теориялық-ойындық модельдерді жетілдірудегі эксперименттік және мінез-құлықтық тәсілдердің рөлін қамтиды.

Макроэкономикалық бөлігі қазіргі заманғы макроэкономикалық тәсілдерді микроэкономика мен жалпы тепе-теңдіктің динамикалық модельдеріне негіздей отырып, ақша-кредит және фискалдық саясаттың, экономикалық ауытқулар мен ұзақмерзімді өсудің салдарын талдайды.
Модуль теория мен тәжірибені ұштастырып, сандық талдау, мәселелерді шешу және саясатты бағалау дағдыларын дамытады.

Бакалаврлық жоба – 30 кредит

Оқу бағдарламасы аясында алынған білім мен дағдыларды қолдана отырып, жеке зерттеу жобасын орындауды көздейді. Модуль тәуелсіз зерттеу жүргізу және этикалық ойлау дағдыларын дамытады. Студенттер ғылыми жетекшіден жеке қолдау алып, топтық пікірталастар мен тәжірибе алмасуға қатысады.

Корпоративтік қаржы және басқару – 30 кредит

Экономикалық тұрғыдан алғанда корпоративтік қаржы мен басқару мәселелерін қарастырады, негізгі назар қаржыландыру, инвестиция және басқару шешімдеріне аударылады. Капитал құрылымы, қаржылық шектеулер және корпоративтік шешім қабылдау процестері талданады.

Қаржылық құралдар мен нарықтар, корпоративтік басқару құрылымдары, агенттік мәселелер, акционерлердің ықпалы, басшылардың сыйақысы және мүдделі тараптардың рөлі этика мен тұрақты даму қағидаттары тұрғысынан қарастырылады. Модуль қаржылық стратегияларды, басқару тәсілдерін және саясаттың салдарын бағалау дағдыларын дамытады.

Қосымша модульдер

Төмендегі екі модульдің бірін таңдау қажет:

Халықаралық қаржы және портфельді басқару – 30 кредит

Әлемдік қаржы нарықтарының, макроэкономикалық факторлар мен халықаралық қаржы ағындарының ықпалын ескере отырып, портфельдердің құрылымы, бақылауы және басқаруы талданады. Портфельді оңтайландыру, тәуекел мен табыстылық арасындағы тепе-теңдік, тиімділікті бағалау әдістері және халықаралық қаржыны басқарудың негізгі тақырыптары (валюта бағамы, төлем балансы, капитал ағындары және қаржылық тәуекелдерді басқару) зерттеледі.

Жасанды интеллектті қолданатын эконометрика – 30 кредит

Макро- және микроэкономикада эмпирикалық зерттеулер мен саясатты бағалау үшін өзекті заманауи эконометрикалық модельдер мен деректерді талдау әдістерін жасанды интеллект (ЖИ) көмегімен зерттеу. ЖИ негізіндегі талдау құралдарын пайдалана отырып, экономикалық және қаржылық модельдеудің дәлдігін арттыру үшін қажетті білім мен техникалық дағдылар қалыптастырылады.

Уақыт қатарларын талдау, панельдік деректер модельдері және құрылымдық модельдеу сияқты эконометрикалық әдістер үйретіліп, алынған нәтижелерді интерпретациялау және негізделген шешім қабылдау қабілеті дамытылады.

Бағдарлама мазмұны студенттердің қазіргі талаптары мен қызығушылықтарына сәйкес келу үшін тұрақты түрде жаңартылып отырады.

Оқу қалай өтеді

Оқу барысында инновациялық оқыту, үйрету және бағалау әдістері қолданылады. Оларға интерактивті материалдары бар онлайн-платформалар, онлайн-тесттер, кері байланысы бар сабақтар, топтық жобалар, аудиториялық эксперименттер және келіссөздер симуляциялары кіреді.

Студенттер GRETL сияқты заманауи сандық бағдарламалар мен статистикалық пакеттермен, сондай-ақ экономика мен қаржы саласындағы жетекші дерекқорлармен жұмыс істеу бойынша практикалық тәжірибе алады. Олардың қатарына Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (OECD), Дүниежүзілік экономикалық көрсеткіштер (World Economic Indicators), Ұлттық статистика басқармасы (ONS), EuroStat, Refinitiv (Thomson Reuters Eikon және Datastream) және FitchConnect жатады.

Бұдан бөлек, оқу семестрлері бойы студенттер мен оқытушылардың апталық кездесулері өткізіледі. Бұл кездесулерде студенттер топтық іс-шараларға қатысып, қолдау алып және бағдарламаға қатысты сұрақтарды талқылай алады.

Контакттық оқу сағаттары

Әрбір курс мынадай құрылымдалған оқу іс-шараларын қамтиды:

  • кампуста өтетін дәрістер, семинарлар және практикалық сабақтар
  • онлайн семинарлар
  • топтық жұмыс
  • өзіндік оқу
  • жұмысқа орналасу мүмкіндіктері.

Күндізгі бөлім студенті ретінде сіз әр оқу жылында жалпы көлемі 120 кредит болатын модульдерді меңгересіз. 20 кредиттік бір модуль жалпы 200 академиялық сағатты қамтиды, оған оқу байланыс сағаттары, бағытталған және өзіндік оқу уақыты кіреді.

Оқу сағаттары

Оқу сағаттарының көлемі семестрге, білім беру бағдарламасына және таңдалған модульдерге байланысты өзгеріп отырады. Бірінші курста аптасына орта есеппен 12–15 академиялық сағат қарастырылады. Сонымен қатар, студенттер қосымша сабақтарға қатысуға, академиялық кеңесшіден немесе мамандардан кәсіби кеңес алуға мүмкіндік алады. Оқу деңгейі жоғарылаған сайын контакттік сағаттардың үлесі біртіндеп азайып, өзіндік жұмыстың көлемі артады.

Бағытталған және өзіндік оқу

Әрбір модуль бойынша қажетті оқу нәтижелеріне қол жеткізу үшін студентке бағытталған және өзіндік дайындық уақыттары белгіленеді. Бұл кезеңде теориялық материалдар тереңдетіліп зерттеледі, өткен тақырыптар қайталанады және жазбаша жұмыстар орындалады. Студент жеке оқу жоспарын өзінің академиялық және тұлғалық міндеттемелеріне сай бейімдей алады.

Бағалау

Оқу нәтижелері әртүрлі бағалау құралдары арқылы тексеріледі, олар модуль ерекшелігіне сәйкес қолданылады.

Бағалау түрлері:

  • аралық тестілер;
  • эссе;
  • топтық жобалар;
  • презентациялар;
  • есептер 
  • проекттер;
  • курстық жобалар;
  • емтихандар;
  • жеке тапсырмалар.

Coventry University Group бағалау стратегиясы студенттердің жетістіктерін әділ әрі объективті бағалауды қамтамасыз етеді және олардың оқу нәтижелеріне қол жеткізу деңгейін жүйелі түрде қадағалауға мүмкіндік береді.

Халықаралық тәжірибе алу мүмкіндіктері

Бұрын біздің студенттер Қытай мен Малайзия университеттерінде білім алып, шетелдік студенттермен бірге оқып, қаржы саласының шетелде оқытылу ерекшеліктерін зерделеп, түрлі елдердің тәжірибесімен танысу арқылы өз көзқарасын кеңейтті.

Сондай-ақ студенттер Еуропадағы оқу сапарларына қатысу мүмкіндігіне ие болуы мүмкін. Бұған дейін мұндай сапарлар аясында Еуропа университеттерімен бірлесіп ұйымдастырылған «Салық апталығы» және «Аудит апталығы» сияқты жыл сайынғы іс-шаралар өткізілген. Бұл жобалар студенттерге халықаралық топтарда жұмыс істеп, практикалық тапсырмаларды орындауға мүмкіндік берген.

Халықаралық бағдарламаларға қатысу қосымша шығындарды, конкурстық іріктеуді, шектеулі қолжетімділікті, сондай-ақ сапарларға қатысты виза және өзге де талаптарды сақтауды қажет етуі мүмкін екенін ескеру маңызды. Мұндай мүмкіндіктердің кепілдігі берілмейді.

Мансап және мүмкіндіктер

Бағдарламаны сәтті аяқтағаннан кейін сіз келесі дағдыларды меңгересіз:

  • қазіргі экономикалық теориялар мен экономистер қолданатын эмпирикалық әдістерді сыни тұрғыда бағалау;
  • Ұлыбритания мен жаһандық экономикадағы экономикалық жүйелердің жұмыс істеуін терең түсініп, тиісті деректерді талдау және мемлекеттік саясатты бағалау;
  • қаржы экономикасы теориялары мен эмпирикалық әдістерін нақты жағдайларда қолдану, қаржы нарықтары мен институттарының қызметін талдау үшін деректерді, абстракцияны және логикалық пайымдауды тиімді пайдалану;
  • қаржы экономикасы мен саяси пікірталастарға қатысты техникалық ұғымдарды түрлі аудиторияларға түсінікті жеткізу және мүдделі тараптарға ықпал ету қабілетін дамыту;
    экономикалық тұрғыдан тұрақтылық пен этика мәселелерін зерттеу және экономикалық саясаттың этикалық әрі тұрақты салдарын сыни бағалау;
  • ұлттық экономикалық саясат пен талдау мәселелерін жаһандық контексте қарастырып, халықаралық ынтымақтастықтың маңызын түсіну;
  • кәсіпкерлік, инновациялық және жалпы қолданылатын дағдыларды дамыту — мысалы, дәлелдер мен логикаға негізделген қысқа әрі нақты есептер жазу, ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану, сенімді презентациялар өткізу, шығармашылық тұрғыдан мәселелерді шешу, қаржылық сауаттылық пен өзін-өзі ынталандыру.

Қаржы секторынан бөлек, экономика мамандығының түлектері түрлі салалар мен ұйымдарда жұмыс істейді. Олар өндіріс, көлік, байланыс, консалтинг, қайырымдылық ұйымдары және Ұлттық денсаулық сақтау қызметі (NHS) сияқты мемлекеттік құрылымдарда қызмет атқара алады.

Біздің түлектер қайда жұмыс істейді

Бағдарлама инвестициялық банкинг, бухгалтерлік есеп, салық саласы бойынша кеңес беру, мемлекеттік сектордағы экономист қызметі, аудит, деривативтермен сауда, менеджмент, қаржылық кеңес беру, бірігу мен жұтылу және басқа да салаларда мансаптық мүмкіндіктер ашады.

Түлектер кеңесші, бизнес-талдаушы, жас трейдер немесе сатып алу жөніндегі маман секілді лауазымдарда жұмыс істей алады.

Сұрақтарыңыз бар ма немесе бағдарлама нұсқаларын зерттеп жүрсіз бе? Біз сізге дұрыс таңдау жасауға көмектесеміз!

Жеке кеңеске жазылыңыз