Сіз не үйренесіз
Сіз не үйренесіз
MBA Global Business Executive курсы тез өзгеретін әлемде көшбасшылыққа дайындайды. Сіз қаржылық білімді, деректер аналитикасын және цифрлық дағдыларды нақты бизнес-мәселелерге қолдануды үйренесіз. Тұрақты даму тәжірибелерін зерттеп, стратегиялық ойлауды дамытасыз. Зерттеуге негізделген диссертация арқылы біліміңізді нығайтып, мансап жолыңызды жетілдіресіз.
Бұл күндізгі оқу курсы сала мамандары мен жоғары деңгейдегі басшылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін практикалық әрі икемді етіп жасалған.
- MBA Global Business Executive дәрежесін бір жыл ішінде алыңыз. Сабақтар демалыс күндері өтеді, сондықтан жұмысыңыз немесе бизнесіңізден ұзақ уақытқа үзіліс жасаудың қажеті жоқ.
- Курсқа оқу жылындағы алты кіру нүктесінің кез келген модулінің басында қосылыңыз.
- Астана немесе Алматы кампусында оқыңыз.
- Екі модульді оқып аяқтасаңыз — Global Business PGCert (дипломнан кейінгі сертификат), төрт модульді аяқтасаңыз — Global Business PGDip (дипломнан кейінгі диплом) аласыз.
Global Business PGCert бағдарламасы бойынша оқу барысында студент төрт модульдің екеуін (жалпы 60 кредит) меңгереді:
- Көшбасшылық, стратегия және өзгерістер
- Стратегиялық қаржылық талдау және менеджмент
- Кәсіпкерлік және инновациялар
- Сандық дәуірдегі корпоративтік тұрақтылық пен этика
Global Business PGDip бағдарламасы бойынша оқу барысында студент барлық төрт модульді (жалпы 120 кредит) меңгереді:
- Көшбасшылық, стратегия және өзгерістер
- Стратегиялық қаржылық талдау және менеджмент
- Кәсіпкерлік және инновациялар
- Сандық дәуірдегі корпоративтік тұрақтылық пен этика
Күрделі ұйымдарда стратегиялық көшбасшылық пен өзгерістерді басқару дағдыларын қалыптастыру. Ұйымдық трансформацияның факторлары мен сын-қатерлерін түсіну үшін теориялар, үлгілер және практикалық кейстер қарастырылады. Интерактивті оқыту мен коучинг арқылы жоғары тиімді командалар құру қабілеті дамиды, көшбасшылық пен стратегияны ұштастырып, ұйымның тұрақты табысына қол жеткізу жолдары үйретіледі.
Бұл модуль CMI Level 7 Certificate in Strategic Management and Leadership Practice біліктілігін алуға мүмкіндік беретін Chartered Management Institute (CMI) талаптарына сәйкес келеді.
Стратегиялық шешімдер қабылдау үшін қажетті қаржылық құралдар мен білімді меңгеру. Қаржылық есептілікті талдау, бизнес тиімділігін бағалау және Balanced Scorecard сияқты жетілдірілген әдістерді қолдану. Қаржылық басқаруға тұрақты даму принциптерін енгізу, оның ішінде ESG факторлары мен тұрақты инвестицияларды бағалау тәсілдері қарастырылады. Бұл модуль студенттерді қаржы және стратегиялық көшбасшылық саласында табысты мансапқа дайындайды.
Инновациялар мен кәсіпкерлік саласында көшбасшылық жасауға қажетті негізгі дағдылар, білім мен тәсілдерді меңгеру. Экономикалық және әлеуметтік әсер беретін жаңа жобаларды іске қосуға немесе қолданыстағы бизнесті дамытуға бағытталған дайындық. Өміршең бизнес-идеяларды анықтау, сандық құралдарды пайдалану, маркетингтік зерттеулер жүргізу және жобалардың жүзеге асу мүмкіндігін бағалау бойынша тәжірибелік жұмыс жүргізіледі.
Сандық трансформация жағдайындағы корпоративтік тұрақтылықтың сын-қатерлері мен мүмкіндіктерін зерделеу. Халықаралық компаниялардың тұрақтылық пен этиканы өз қызметіне сандық технологиялар арқылы қалай енгізетінін бағалау. Ерекше назар жасанды интеллектіні этикалық пайдалану, тұйық (циркулярлық) экономика және технологиялардың ESG тәжірибесіне әсеріне аударылады. Модуль тұрақты бизнес-модельдер мен корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыруға арналған практикалық құралдар ұсынады.
Магистратураны аяқтау үшін 60 кредит көлеміндегі келесі модульден өту қажет:
Магистратураның соңғы кезеңі — таңдалған тақырып бойынша терең зерттеу жобасын орындау. Академиялық жетекшінің басшылығымен әдебиеттегі олқылыққа немесе нақты ұйымдық мәселеге негізделген зерттеу проблемасы анықталады. Зерттеу барысында тиісті әдістер таңдалып, алынған нәтижелердің сыни талдауы жүргізіледі, сондай-ақ маңызды қорытындылар мен ұсыныстар әзірленеді.
Диссертациялық жұмыс ғылыми әдебиетті талдау, деректерді жинау және түсіндіру, зерттеу нәтижелерін нақты әрі қисынды түрде ұсыну дағдыларын дамытады.
Бағдарламаның мазмұны қазіргі заман талаптарына және студенттердің қызығушылықтарына сай үнемі жаңартылып отырады.