MBA Global Business (Executive)

Магистратура

Бағдарламаның мазмұны заманауи талаптарға және студенттердің қызығушылықтарына сай үнемі жаңартылып отырады.

Сипаттама

Бағдарлама сандық инновацияларға, орнықты стратегиялар мен жаһандық көшбасшылыққа баса назар аудара отырып, халықаралық бизнестегі табысты мансап үшін озық дағдыларды қалыптастырады.

Бағдарламаның негізгі бағыттары:

  • Сандық дағдылар: қазіргі сандық технологиялар мен құралдарды меңгеру арқылы бизнес-процестердің тиімділігін арттыру және сандық экономикадағы бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету.
  • Қаржылық менеджмент: стратегиялық шешімдер қабылдау үшін қаржылық ақпаратты пайдалану, бизнес мақсаттарын қолдау және оның табыстылығын арттыру.
  • Кәсіпкерлік: мүмкіндіктерді анықтау және инновациялар мен бизнесті дамыту үшін сандық құралдарды қолдану.
  • Корпоративтік тұрақтылық және этика: орнықты дамуды, этикалық қағидаттарды және сандық технологиялардың әсерін зерделеу (жасанды интеллект және циклдік экономика тұжырымдамасы сияқты).

Жаһандық әлемге дайындық
Халықаралық ойлау жүйесі мен жаһандық мүмкіндіктер.

Тамаша білім беру
Өз саласының сарапшылары мен тәжірибелі мамандарынан дәріс алу.

Жұмыспен қамтылу
Табысты мансапқа дайын және барлық қажетті дағдыларға ие түлектер.

Неліктен осы бағдарламаны таңдау керек

  • Стратегиялық қаржылық ойлау — қаржылық шешімдерді корпоративтік стратегиямен үйлестіруді және жоғары деңгейдегі бизнес-жоспарлауға үлес қосуды терең түсіну.
  • ESG интеграциясы — экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару (ESG) факторларын қаржылық тәжірибеге енгізу дағдыларын меңгеру — заманауи бизнестегі ең жоғары сұранысқа ие құзыреттердің бірі.
  • Тұрақты өсу — компаниялардың ұзақ мерзімді, тұрақты табысқа бағытталған дамуын қамтамасыз ететін білім мен түсінік.
  • Мансаптық өсу — қаржы және корпоративтік стратегия саласындағы көшбасшылық лауазымдарға қажетті сыни дағдылар, мансаптық мүмкіндіктердің кеңеюі және оқытушылар тарапынан стартап ашу бойынша кеңес алу мүмкіндігі.
  • Аламдық көзқарас — халықаралық ынтымақтастық тәжірибесі және жаһандық бизнес саласында Collaborative Online International Learning (COIL) арқылы оқу.
  • Практикалық тәжірибе — түйіндемені нығайту мақсатында қосымша кәсіби тәжірибеден немесе тоғыз апталық тағылымдамадан өту мүмкіндігі.

Аккредитация және кәсіби мойындау

Chartered Management Institute (CMI)
Бағдарлама Chartered Management Institute (CMI) талаптарына толық сәйкес келеді және CMI Level 7 Certificate in Strategic Management and Leadership Practice біліктілігін алуға мүмкіндік береді. Leadership, Strategy and Change модулін сәтті аяқтаған студенттер бұл сертификатты қосымша кәсіби біліктілік ретінде ала алады.



Сіз не үйренесіз

Global Business MBA бағдарламасы – тез өзгеріп жатқан заманда көшбасшылыққа даярлайтын оқу бағыты. Бағдарлама барысында студенттер қаржылық білімді, деректерді талдау мен сандық технологияларды нақты бизнес міндеттерін шешуде қолдану дағдыларын меңгереді. Сондай-ақ, тұрақты даму тәжірибелері мен стратегиялық ойлау қалыптастырылады. Бағдарламаның соңында студент екі бағыттың бірін таңдай алады: зерттеу диссертациясын жазу немесе тәжірибелік тағылымдамадан өту, бұл білімді бекітуге және мансап жолын айқындауға мүмкіндік береді.

Global Business PGCert бағдарламасы бойынша оқу барысында студент төрт модульдің екеуін (жалпы 60 кредит) меңгереді:

  • Көшбасшылық, стратегия және өзгерістер
  • Стратегиялық қаржылық талдау және менеджмент
  • Кәсіпкерлік және инновациялар
  • Сандық дәуірдегі корпоративтік тұрақтылық пен этика

Global Business PGDip бағдарламасы бойынша оқу барысында студент барлық төрт модульді (жалпы 120 кредит) меңгереді:

  • Көшбасшылық, стратегия және өзгерістер
  • Стратегиялық қаржылық талдау және менеджмент
  • Кәсіпкерлік және инновациялар
  • Сандық дәуірдегі корпоративтік тұрақтылық пен этика
Модульдер
Көшбасшылық, стратегия және өзгерістер – 30 кредит

Күрделі ұйымдарда стратегиялық көшбасшылық пен өзгерістерді басқару дағдыларын қалыптастыру. Ұйымдық трансформацияның факторлары мен сын-қатерлерін түсіну үшін теориялар, үлгілер және практикалық кейстер қарастырылады. Интерактивті оқыту мен коучинг арқылы жоғары тиімді командалар құру қабілеті дамиды, көшбасшылық пен стратегияны ұштастырып, ұйымның тұрақты табысына қол жеткізу жолдары үйретіледі.
Бұл модуль CMI Level 7 Certificate in Strategic Management and Leadership Practice біліктілігін алуға мүмкіндік беретін Chartered Management Institute (CMI) талаптарына сәйкес келеді.

Стратегиялық қаржылық менеджмент және талдау – 30 кредит

Стратегиялық шешімдер қабылдау үшін қажетті қаржылық құралдар мен білімді меңгеру. Қаржылық есептілікті талдау, бизнес тиімділігін бағалау және Balanced Scorecard сияқты жетілдірілген әдістерді қолдану. Қаржылық басқаруға тұрақты даму принциптерін енгізу, оның ішінде ESG факторлары мен тұрақты инвестицияларды бағалау тәсілдері қарастырылады. Бұл модуль студенттерді қаржы және стратегиялық көшбасшылық саласында табысты мансапқа дайындайды.

Кәсіпкерлік және инновациялар – 30 кредит

Инновациялар мен кәсіпкерлік саласында көшбасшылық жасауға қажетті негізгі дағдылар, білім мен тәсілдерді меңгеру. Экономикалық және әлеуметтік әсер беретін жаңа жобаларды іске қосуға немесе қолданыстағы бизнесті дамытуға бағытталған дайындық. Өміршең бизнес-идеяларды анықтау, сандық құралдарды пайдалану, маркетингтік зерттеулер жүргізу және жобалардың жүзеге асу мүмкіндігін бағалау бойынша тәжірибелік жұмыс жүргізіледі.

Корпоративтік тұрақтылық және сандық дәуірдегі этика – 30 кредит

Сандық трансформация жағдайындағы корпоративтік тұрақтылықтың сын-қатерлері мен мүмкіндіктерін зерделеу. Халықаралық компаниялардың тұрақтылық пен этиканы өз қызметіне сандық технологиялар арқылы қалай енгізетінін бағалау. Ерекше назар жасанды интеллектіні этикалық пайдалану, тұйық (циркулярлық) экономика және технологиялардың ESG тәжірибесіне әсеріне аударылады. Модуль тұрақты бизнес-модельдер мен корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыруға арналған практикалық құралдар ұсынады.

 

Магистратураны аяқтау үшін 60 кредит көлеміндегі келесі модульден өту қажет:

Модульдер
Диссертация – 60 кредит

Магистратураның соңғы кезеңі — таңдалған тақырып бойынша терең зерттеу жобасын орындау. Академиялық жетекшінің басшылығымен әдебиеттегі олқылыққа немесе нақты ұйымдық мәселеге негізделген зерттеу проблемасы анықталады. Зерттеу барысында тиісті әдістер таңдалып, алынған нәтижелердің сыни талдауы жүргізіледі, сондай-ақ маңызды қорытындылар мен ұсыныстар әзірленеді.

Диссертациялық жұмыс ғылыми әдебиетті талдау, деректерді жинау және түсіндіру, зерттеу нәтижелерін нақты әрі қисынды түрде ұсыну дағдыларын дамытады.

Бағдарламаның мазмұны қазіргі заман талаптарына және студенттердің қызығушылықтарына сай үнемі жаңартылып отырады.

Оқу қалай өтеді

Оқыту әдістері

  • дәрістер
  • семинарлар
  • консультациялар
  • презентациялар
  • топтық жобалар
  • тәжірибелік шеберлік сабақтары

Контакттық оқу сағаттары

Күндізгі бөлім студенті ретінде сіз жыл сайын жалпы көлемі 180 кредит болатын модульдерді меңгересіз.

Әрбір 30 кредиттік модуль шамамен 300 академиялық сағатты қамтиды, оған контакттық сабақтар, бағытталған оқу және өздігінен білім алу кіреді.

Оқу сағаттары:

Оқу сағаттарының көлемі бағдарламаның кезеңіне байланысты өзгеруі мүмкін, бірақ орта есеппен аптасына 8–12 сағатты құрайды. Бұған қоса, сізде қосымша сабақтарға қатысу мүмкіндігі болады, оның ішінде Success Coach-пен кездесулер немесе оқытушылармен кеңес алу — кеңес пен кері байланыс алу мақсатында.

Бағытталған және өздігінен білім алу

Оқу барысында әр модуль бойынша қажетті оқу жүктемесін орындау үшін бағытталған және өздігінен жұмыс істеуге арнайы уақыт бөлінеді. Бұл кезеңде тақырыптар тереңірек зерделенеді, өткен материалдар қайталанады және тапсырмалар орындалады.
Жеке міндеттемелеріңізді ескере отырып, оқу жоспарын икемді түрде құруға болады; бағдарламаның соңына қарай өздігінен оқуға арналған уақыттың үлесі артады.

Онлайн-оқыту

Заманауи сандық құралдар мен технологиялар пайдаланылады; кейбір сабақтар мен бағалау тапсырмалары онлайн форматта өткізілуі мүмкін.

Бағалау жүйесі

Бағалау түрлері модуль ерекшелігіне қарай әртүрлі форматта жүргізіледі:

  • есептер
  • тесттер
  • эссе
  • емтихандар
  • практикалық тапсырмалар
  • курстық жұмыстар
  • ауызша емтихандар (viva)
  • презентациялар

Coventry University Group бағалау стратегиясы оқу нәтижелерін әділ бағалауды қамтамасыз етеді және студенттердің оқу мақсаттарына қол жеткізу барысын жүйелі түрде бақылауға мүмкіндік береді.

Мансап және мүмкіндіктер

Бағдарлама түлектері келесі лауазымдарда мансап құра алады:

  • халықаралық маркетинг директоры
  • сандық маркетинг менеджері
  • инновациялар және кәсіпкерлік жөніндегі кеңесші
  • сыртқы аудитор
  • медиатор
  • операциялық менеджер
  • халықаралық сауда жөніндегі маман
  • жаһандық жеткізу тізбегі менеджері
  • қаржылық талдаушы

Бағдарламаны аяқтаған соң түлектер мынадай құзыреттерге ие болады:

  • жаһандық бизнес-контекстің күрделілігін ескере отырып, көшбасшылықтың стратегиялық тәжірибелерін және ұйымдық өзгерістер бастамаларын сыни тұрғыдан бағалау;
  • ұйымдардың тиімділігін арттыру және ESG факторларын біріктіру мақсатында стратегиялық қаржылық менеджмент қағидаттарын қолдану;
    инновациялар мен кәсіпкерлікті дамытуда сандық технологияларды пайдаланудағы жаһандық көшбасшылардың дағдылары мен тәсілдерін талдау;
  • бизнес-модельдерде корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік, тұрақты даму және сандық этика қағидаттарын біріктіріп қолдану;
  • білім экономикасы жағдайында ақпараттық жүйелер мен сандық құралдарды басқаруды сыни тұрғыдан қарастыру;
  • VUCA-ортада (тұрақсыз, белгісіз, күрделі және екіұшты жағдайларда) сапалық және сандық зерттеу әдістерінің күшті және әлсіз жақтарын салыстыра отырып талдау.

Сұрақтарыңыз бар ма немесе бағдарлама нұсқаларын зерттеп жүрсіз бе? Біз сізге дұрыс таңдау жасауға көмектесеміз!

Жеке кеңеске жазылыңыз