Ақпараттық технологияларды басқару бакалавры
Бағдарламаның мазмұны заманауи талаптарға және студенттердің қызығушылықтарына сай үнемі жаңартылып отырады.
Сипаттама
Жедел технологиялық өзгерістер мен жаһандық бәсекелестіктің сын-тегеуріндері корпоративтік мақсаттарды заманауи бизнес-жүйелермен және тиімді IT-инфрақұрылыммен үйлестіре алатын жоғары білікті мамандарға деген сұранысты арттырып отыр.
Неліктен осы бағдарламаны таңдау керек
- Практикалық бағыттағы оқыту тәсілі теориялық білімді нақты тәжірибе арқылы бекітуге мүмкіндік береді.
- Техникалық дағдыларды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді — бұл мақсатқа Бағдарламалауды қолдау орталығының қызметі ықпал етеді.
- Аралас, ұжымдық және халықаралық форматтардағы оқыту арқылы студенттер сандық және өзара байланысты ортада тиімді жұмыс істеуге дайындалады.
Сіз не үйренесіз
КОМПЬЮТЕРЛІК ҒЫЛЫМДАР БОЙЫНША ДАЙЫНДЫҚ ЖЫЛЫ
Басталуы: 2025 жылғы 15 қыркүйек
Күзгі семестр:
- Академиялық тіл мен дағдыларды дамыту
- Негізгі математика
Көктемгі семестр:
- Академиялық тіл мен дағдыларда жетістік
- Бағдарламалық қамтамасыз ету және мәліметтер базасы
- Желі технологиялары және коммуникациялар
Дайындық курсының модульдеріне қосымша, Coventry University Kazakhstan студенттері Қазақстан заңнамасы талап ететін келесі модульдерді де өтуі қажет:
- Қазақ тілі
- Қазақстан тарихы (ағылшын тілінде)
КОМПЬЮТЕРЛІК ҒЫЛЫМДАР БОЙЫНША ДАЙЫНДЫҚ ЖЫЛЫ
Басталуы: 2025 жылғы 14 қаңтар
Бұл мүмкіндік қыркүйектегі қабылдауды өткізіп алған немесе басқа университеттен ауысқысы келетін студенттер үшін өте қолайлы.
Көктемгі семестр:
- Академиялық тіл мен дағдыларда жетістік
- Кәсіби коммуникациялар
- Басқару дағдылары
- Бизнеске арналған маркетинг
Дайындық курсының модульдеріне қосымша, Coventry University Kazakhstan студенттері Қазақстан заңнамасы талап ететін келесі модульдерді де өтуі қажет:
- Қазақ тілі
- Қазақстан тарихы (ағылшын тілінде)
Дайындық жылы бойы оқыту салалары жақын студенттермен бірге жүргізіледі. Бұл сізге жаңа таныстар табуға және ұқсас қызығушылықтар мен мақсаттары бар адамдармен байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
Оқу жалпы бірінші жылдан басталады, бұл сізге ұқсас бағдарламаларды таңдаған студенттермен бірге оқуға мүмкіндік береді. Мұндай формат білімді кеңейтуге, әртүрлі пәндер мен мамандықтармен танысуға, сондай-ақ басқа студенттермен тәжірибе мен бақылауларды бөлісу арқылы өзара әрекеттесуге жағдай жасайды.
Егер бірінші жылы белгілі бір пәнге қызығушылық танытсаңыз, бірінші жылды сәтті аяқтағаннан кейін жалпы бірінші жыл аясында басқа бағдарламаға ауысуға мүмкіндік беріледі (жылжыту шарттары сақталған жағдайда).
Бірінші оқу жылы барысында сіз компьютерлік ғылымдар немесе ақпараттық технологияларды басқару саласында жол бастауы үшін қажет негізгі дағдылар мен концепцияларды меңгересіз. Сіз есептеу техникасының математикалық және техникалық негіздерін оқып, оларды тұрақты зертханалық сабақтарда қолдана отырып, материалды терең түсінуге мүмкіндік аласыз. Сонымен қатар, сіз кәсіби дағдыларды дамыта бастайсыз, олар оқу біткеннен кейінгі карьераңызда қажет болады: командалық жұмыс, ақпараттық жүйелерге қатысты этикалық және заңдық мәселелерді түсіну, сондай-ақ бағдарламалық қамтамасыз етуді тестілеу.
Бұл модульде қолжетімді және салада кең тараған бағдарламалау тілінің негіздері оқытылады. Алгоритмдердің мәні, маңызы және қолданылуы қарастырылады, содан кейін алынған білімдерді өз бағдарламаларыңызды жазуда қолданасыз.
Бағдарламалық қамтамасыз етуді жасауда алгоритмика мен алгебра қолданылады, және олардың дұрыс қолданылуы үшін мықты математикалық дағдылар қажет. Модульде жинақ теориясы, алгоритмдер және олардың күрделілігі, сондай-ақ логикалық арифметика қарастырылады.
Кез келген әзірлеуші үшін компьютердің құрылымы мен оның барлық күрделі компоненттерін фундаменталды түрде түсіну маңызды. Модульде есептеу негіздері, транзисторлардың жұмысы және олардың есептеу үдерісіндегі рөлі қарастырылады. Сондай-ақ, орталық процессор (CPU) архитектурасы, жады иерархиясы, тиімділік, желілік технологиялар және қауіпсіздік мәселелері қарастырылады. Сонымен бірге, операциялық жүйенің концепциясы енгізіледі, бұл оқытылатын тақырыптармен бірігіп, әзірлеуші жолын бастауға мүмкіндік береді.
Деректер базасымен жұмыс істеудің технологиялары, этикалық нормалары мен заңнамалық негіздері XXI ғасырдағы бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеудің маңызды және қызықты құрамдас бөлігі болып табылады.
Бұл модуль аясында осы ұғымдардың барлығы қарастырылып, деректерді өңдеу, сақтау және басқару қағидаттарын меңгеруге мүмкіндік беріледі. Бұл білім кейінгі оқу кезеңдерінде қолданылады.
Бұл модуль «Концепциялар мен алгоритмдер» курсы арқылы алынған бағдарламалау негіздерін дамытады. Жаңа идеялар енгізіледі, мысалы, объектіге бағытталған бағдарламалау және қайта қолдануға арналған кодты жобалау, олар басқа танымал бағдарламалау тілінде оқытылады. Оқу барысында кодты құрылымдау қарастырылады, бұл оны қолдауды және кеңейтуді жеңілдетеді, әрі бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеудің келесі кезеңіне дайындайды.
Бұл модуль белсенді оқу тәсілін қолданады, оның барысында топ оқу бағдарламасына байланысты жобаны жоспарлап, жүзеге асырады. Жоба бірінші оқу жылы барысында алынған білімдерді бекітуге және қолдануға мүмкіндік береді, сонымен қатар жаңа техникалық және командалық дағдыларды дамытады.
Екінші оқу жылында бірінші жылы алынған білімдер мен дағдылар кеңейтіледі. Оқуда бизнес үшін деректерді талдау, операциялық зерттеулер және модельдеу, ITIL тақырыптары қарастырылады, сондай-ақ олардың ұйымдық мәнмәтінде қолданылуы талқыланады.
Бұл модуль деректер ғылымының негізгі тұжырымдамаларымен таныстырады: үлкен деректер, деректер аналитикасы, статистикалық модельдер, талдау құралдары мен кітапханалары, деректерді визуализациялау, сондай-ақ практикалық құралдар (кемінде бір тіл: R/Python/MATLAB). Бизнес мәнмәтінінде «деректер алу–деректерді тазалау–деректерді ашу–моделдеу–нәтижелерді интерпретациялау» (OSEMN) циклін қолдану қарастырылады.
Бұл модуль желілердің негізгі концепцияларын және желілік қосымшаларды іске асыруды, соның ішінде қауіпсіздік мәселелерін қарастырады. Заманауи веб-технологиялар таныстырылады. Студенттер интерактивті және динамикалық веб-сайттарды әзірлеуді (frontend және backend), сокеттерді бағдарламалауды және деректермен жұмыс істеуді үйренеді. Модуль веб-қосымшаларды іске асыру үшін берік негіз береді.
Сандық маркетинг — қазіргі заманғы бизнестің стандартты құралы. Модуль аясында оның тұжырымдамалары мен қағидалары сыни тұрғыдан талданады. Заманауи технологиялар және әртүрлі сандық жарнама арналары қарастырылады.
Модуль әртүрлі шешім қабылдау тапсырмаларын шешуге қолданылатын операциялық зерттеулер әдістерін меңгеруге бағытталған. Бұл әдістер үдерістердің тиімділігін арттыруға және күрделі жүйелерді басқаруға көмектеседі. Қосымша ретінде үдерістерді компьютерлік модельдеу теориясы, логикалық модельдеу, сондай-ақ симуляция құралдары мен әдістері оқытылады.
Модуль бизнестің негізгі тұжырымдамаларын, оның ерекшеліктері мен технологиялармен байланысын таныстырады. Тауар тізбегі қарастырылады, сондай-ақ бизнес қызметі мен дамуына әсер ететін ішкі және сыртқы факторлар талданады.
Бұл модуль IT-сервистерді басқарудың стратегиялық аспектілеріне арналған, соның ішінде желі менеджменті және корпоративтік басқару. Әр түрлі өзара байланысты технологиялардан тұратын желілерді тиімді басқару және жетілдіру жолдары, бизнес қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған тәсілдер қарастырылады.
Оқыудың соңғы кезеңі екінші жылы қаралған ілгерілеу тақырыптарына сүйене отырып, бағдарлама бойынша мамандану бағыттарын таңдауға мүмкіндік береді. Бұл кезеңде ірі жоба орындалады, онда алынған барлық білімдер ақпараттық технологияларды басқару саласында нақты мәселені шешу және өз шешімін жасау үшін қолданылады.
Бұл модуль жобаларды басқару саласындағы негізгі қағидалапды, тұжырымдамалар мен теорияларды түсінуді қалыптастырады. Негізгі әдістемелер, тәжірибелер мен жобаларды басқару техникасы қарастырылады, сонымен қатар олардың нақты IT және бизнес мәнмәтінінде қалай қолданылатынына назар аударылады.
Жұмыс ғылыми жетекшінің қолдауымен орындалады. Студент диссертация және жобалық артефакт жасайды, әдетте бұл күрделі бағдарламалық өнім түрінде болады. Модуль студентке жобаны өз бетінше басқару, оны бағалау және берілген спецификацияға сәйкес сәтті іске асыру тәжірибесін береді, оқу барысында алынған білімдер мен дағдыларды біріктіреді.
Модуль студентке өз қызығушылықтары мен дағдыларына сай жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін береді. Ғылыми жетекшінің қолдауымен жоба анықталып, жүзеге асырылады; зерттеу және басқару дағдылары дамытылады, бұл компьютерлік ғылымдар саласында ірі жобамен өз бетінше жұмыс істеуге қажетті.
Модуль ұйымның жалпы бизнес-стратегиясын қазіргі қоғамдағы қолдайтын технологиялық модельді қалыптастырады. IT жүйелерін және инфрақұрылымды басқару, сондай-ақ олардың бизнеске, ұйымдарға және қоғамға әсері қарастырылады.
Модуль ірі деректерді талдау тәжірибесін қалыптастыруға бағытталған. Заманға сай әдістерді меңгеру арқылы үлкен деректер жиынтықтарындағы заңдылықтар, өзара байланыстар мен тәуелділіктерді анықтауға, сондай-ақ интерактивті бақылау панельдерін жасауға үйретеді.
Модуль мобильді платформаларға арналған қосымшаларды жасау үшін әзірлеу құралдарын қолдануды үйретеді. Мұнда мобильді құрылғылар үшін бағдарламалау, портативті құрылғыларға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді жобалау, интерфейс компоненттері және пайдаланушымен өзара әрекеттесу мүмкіндіктері қарастырылады. Сонымен қатар мобильді құрылғылардың бизнес жүйелерімен тиімді интеграциялануы үйретіледі.
Бағдарламаның мазмұны заманауи талаптарға және студенттердің қызығушылықтарына сай үнемі жаңартылып отырады.
Оқу қалай өтеді
Оқу үдерісі әртүрлі әдістерді қолдану арқылы жүзеге асырылады, оған лекциялар, семинарлар, зертханалық сабақтар, практикалық шеберханалар, онлайн-активтіліктер және топтық жұмыс кіреді. Студенттерден аудиториялық сабақтарға және онлайн-дискуссиялар мен іс-шараларға белсенді қатысу күтіледі.
Контакттық оқу сағаттары
Күндізгі бакалавриат студенті ретінде жылына 120 кредит көлеміндегі модульдерді меңгересіз, оған байланыс сағаттары, бағытталған және жеке оқу кіреді.
Бағытталған және өздігінен оқу:
Оқу барысында әр модуль бойынша қажетті оқу жүктемесін орындау үшін бағытталған және жеке сабақтарға уақыт бөлінеді. Тақырыптар тереңінен зерттеледі, материал қайталанады және тапсырмалар орындалады. Жұмыс жеке міндеттемелерді ескере отырып жоспарлануы мүмкін, ал оқу барысында жеке оқуға бөлінетін уақыт көлемі артады.
Бағалау
Бұл курс әртүрлі әдістерді қолдану арқылы бағаланады, модульге байланысты бағалау әдістері өзгеруі мүмкін.
Бағалау әдістеріне мыналар кіреді:
- ресми емтихандар
- кезеңдік тесттер
- эссе
- топтық жұмыс
- презентациялар
- есептер
- жобалар
- курстық жұмыстар
- жеке тапсырмалар
- зертханалық жұмыстар
- постерлер
Coventry University Group бағалау стратегиясы біздің курстарымызды әділ бағалауды қамтамасыз етеді және студенттердің жоспарланған оқу нәтижелеріне жету прогресін бақылауға мүмкіндік береді.
Мансап және мүмкіндіктер
Ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану қазіргі заманғы кез келген бизнестің жұмысында маңызды рөл атқарады. Бұл бағдарлама аясында студенттер IT-қосымшаларды жасау үшін қажетті техникалық дағдылар мен білімді дамытып қана қоймай, олар қолданылатын бизнес-орта туралы терең түсінікке ие болады.
Курсты сәтті аяқтау студентті IT-жүйелерді жобалау, енгізу және басқару саласындағы мансапқа дайындайды. Алынған дағдылар веб-әзірлеу, деректерді талдау, контентті басқару, бизнес-талдау және жобаларды басқару сияқты бағыттарда да сұранысқа ие болады.
Оқу барысында техникалық құзыреттерді дамытуға және шешім табу қабілетін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл дағдылар аналитикалық, сандық және проблемаларды шешуге бағытталған қабілеттермен үйлестіріле отырып, біздің түлектерімізге IBM және Cap Gemini сияқты компанияларда жұмыс табуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, IT-саласының мамандары National Grid және Severn Trent Water сияқты ұйымдарда да сұранысқа ие.