Қазақстандықтарға арналған 200 грант: Coventry University Kazakhstan өтінім қабылдай бастады
Білім гранттарына құжаттар 2026 жылғы 15 ақпанды қоса алғандағы мерзімге дейін қабылданады. Ол Coventry University оқу орнының сұранысқа ие бағдарламалары бойынша конкурстық негізде тағайындалады. Университет түлектеріне британдық диплом беріледі.
Астанадағы британ университетінің тұңғыш кампусы - Coventry University Kazakhstan гранттарға өтінім қабылдай бастады. Конкурстық іріктеуге Қазақстан Республикасы азаматтары, дәлірек айтсақ, 2026 жылғы мектеп және колледж түлектері қатыса алады. Үміткерлердің IELTS нәтижесі кемінде 6.0 балл (әр компонент бойынша кемінде 5.0), ал 11 жылдық мектептің 10-сыныбы мен 12 жылдық мектептің 11-сыныбы бойынша GPA орташа көрсеткіші 4.0 баллдан төмен болмауы тиіс. Грант оқу жылының 4 кезеңімен қоса, бір жылдық Foundation және сұранысқа ие бағыттар бойынша үш жылдық бакалавриат бағдарламаларын қамтиды.
Гранттар бизнес және компьютерлік ғылымдар мамандықтары бойынша тағайындалады.
Конкурс үш кезеңнен тұрады. 2026 жылғы 27 қаңтар мен 15 ақпан аралығында өтетін бірінші кезеңде үміткерлерден өтінімдер қабылданады. Екінші кезең, яғни, 2026 жылғы 15-23 ақпан аралығында қабылданған құжаттарға сәйкес, үміткерлердің академиялық жетістіктері бағаланып, IELTS нәтижелері, GPA көрсеткіші, соңғы екі жылдағы (бар болған жағдайда) жалпы білім беретін пәндер мен кәсіби дағдылар бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалардағы жүлделі орындары ескеріледі. Аталған олимпиадалардың жеңімпаздары GPA критерийі бойынша ең жоғары баллды иеленеді.
2026 жылғы 8 наурыз бен 14-15 наурыз аралығында өтетін үшінші кезеңде үміткерлер эссе жазады және ол мамандар тарапынан бағаланады.
Coventry University Kazakhstan гранты оқу ақысын толық қамтиды және студенттерге шәкіртақы төленеді. Олар Coventry University оқу орнымен серіктестік орнатқан жетекші компаниялар мен ұйымдардың бірегей жобаларына қатысып, тағылымдамаларынан өте алады. Оқуды сәтті аяқтаған түлектерге британдық диплом табысталады.
Грантқа өтінімдер университеттің www.coventry.edu.kz ресми сайты арқылы онлайн түрде және «Астана қаласы, Қорғалжын тас жолы, 13А» мекенжайында орналасқан Coventry University Kazakhstan оқу орнының қабылдау комиссиясында қабылданады.
Сондай-ақ, Coventry University Kazakhstan 2026/2027 оқу жылына ақылы негізде студенттерді қабылдауда. Университет Early Bird, яғни, ерте брондау бағдарламасы шеңберінде үміткерлерге 20% жеңілдік ұсынады.
Қосымша ақпаратты «Астана қаласы, Қорғалжын тас жолы, 13А» мекенжайында орналасқан Coventry University Kazakhstan қабылдау комиссиясының кеңсесінде және +7 700 317 3333 нөмірі арқылы алуға болады.
Анықтама: Coventry University - Астанадағы тұңғыш британдық университет. Ол Coventry University Group құрамына кіреді және британдық дипломмен расталатын сапалы британдық білім алуға мүмкіндік береді. Бүгінде Астанадағы Coventry University оқу орны «Бизнес», «Компьютерлік ғылымдар», «Халықаралық қатынастар», «Экономика және қаржы» бағыттары бойынша сұранысқа ие бакалавриат бағдарламаларын, сондай-ақ, MBA Global Business және Global Executive MBA магистратура бағдарламаларын ұсынады.