Phoenix Chess Tournament 2026: Coventry University Kazakhstan білім грантын ұтып ал!
2026 жылғы 4 сәуірде Астана қаласында Coventry University Kazakhstan базасында Phoenix Chess Tournament 2026 шахмат турнирі өтеді. Турнир 11–12 сынып оқушылары мен колледждердің бітіруші курс студенттеріне арналған және Қазақстан шахмат федерациясымен бірлесіп ұйымдастырылады.
Өтетін орны
Coventry University Kazakhstan
Астана қ., Қорғалжын тас жолы, 13а
Өтетін күні
4 сәуір 2026 жыл
Қатысушыларды тіркеу: 09:00–10:00
Турнирдің басталуы: 10:30
Жабылу рәсімі: 15:40
Турнир форматы
-
Швейцариялық жүйе, 9 тур
-
Уақыт бақылауы: 10 минут + әр жүріс үшін 5 секунд
-
Турнир ФИДЕ ережелеріне сәйкес өткізіледі
-
Swiss Manager бағдарламасы қолданылады
Бас жүлде
Турнирдің абсолютті жеңімпазы Coventry University Kazakhstan оқу грантын алады.
Грант келесі талаптар орындалған жағдайда беріледі:
-
IELTS 6.0 төмен емес (әр бөлімнен 5.5 төмен емес — Undergraduate үшін)
-
IELTS 5.0 төмен емес (әр бөлімнен 4.5 төмен емес — Foundation үшін)
немесе TOEFL бойынша баламалы нәтиже.
Құжаттар 2026 жылғы 20 тамызға дейін ұсынылуы тиіс.
Қатысушылар
-
11–12 сынып оқушылары
-
Колледждердің 3–4 курс студенттері
-
2026 жылғы түлектер
Қажетті құжаттар
-
Мектептен/колледжден анықтама (сынып/курс көрсетілген, мөрмен расталған)
-
Жеке куәлік немесе туу туралы куәлік көшірмесі
Тіркелу
Алдын ала тіркелу 2026 жылғы 1 сәуір, 12:00-ге дейін (Астана уақыты бойынша) міндетті.
Турнирдің толық регламенті:
REGLAMENT COVENTRY 2026