Coventry University Kazakhstan: Орталық Азиядағы жоғары білім беру хабы
Coventry University Kazakhstan (CUK) және Landau Education Group (LEG) Баку қаласында Өзара түсіністік туралы меморандумға (MoU) қол қойды. Бұл Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы академиялық ынтымақтастық пен мәдени алмасуды нығайтудағы маңызды кезең болып табылады. Келісімге Coventry University Kazakhstan президенті және вице-канцлері Мирас Дауленов мырза мен Landau Education Group бас атқарушы директоры Рашад Тагиев мырза қол қойды.
Бұл серіктестік екі ел арасындағы білім беру байланыстарын нығайтуға және әзербайжандық студенттерге Қазақстанда халықаралық деңгейде танылған жоғары білім алуға жаңа мүмкіндіктер ашуға бағытталған. Coventry University Kazakhstan-ның Астана мен Алматы қалаларындағы қызметі кеңейіп келе жатқандықтан, бұл келісім аймақта сапалы білім мен халықаралық академиялық тәжірибе алуға ұмтылатын студенттер үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
Сапар аясында Coventry University Kazakhstan делегациясы Landau Education Group құрамындағы бірқатар маңызды ұйымдармен, соның ішінде Landau Academy, Hazirliq Mektebi және Admitt – Education Abroad мекемелерімен кездесу өткізді. Кездесулер барысында студенттерді тарту, академиялық дайындық және Қазақстанда білім алуға қызығушылық танытқан әзербайжандық студенттерге кеңес беру салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.
Екі тараптың өкілдері академиялық мобильділікті дамытуға және студенттерді оқу жолының барлық кезеңінде қолдауға бағытталған бірлескен бастамаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін де қарастырды. Сонымен қатар әзербайжандық студенттердің Қазақстанда білім алуға, әсіресе Coventry University Kazakhstan халықаралық аккредитацияланған британдық дәрежелер ұсынатын Астана мен Алматы қалаларына қызығушылығы артып келе жатқаны атап өтілді.
Меморандумға қол қою Coventry University Kazakhstan мен Landau Education Group ұйымдарының берік халықаралық серіктестіктер құруға және студенттерге сапалы білім мен мәдениаралық тәжірибе алуға жаңа мүмкіндіктер жасауға деген ортақ ұмтылысын көрсетеді.
Анықтама: Coventry University 1843 жылы құрылған. Бүгінде университет Ұлыбританиядажәне Еуропа мен Азияда мамандар даярлау сапасы бойынша жоғары бағаланады. Білім сапасыҰлыбритания Үкіметінің «Алтын сапа белгісімен» расталған. Бұл беделді марапатқа 130 британ университетінің шамамен 40-қа жуығы ғана ие. Университет THE World University Rankings рейтингісіне сәйкес, «халықаралық бағдар» көрсеткіші бойынша әлемдегі үздік 100 университеттің қатарына кіреді, сондай-ақ, шетелдік студенттер саны бойынша Ұлыбританияда үшінші орынды алады.