Coventry University Kazakhstan «NURORDA» мектеп-лицейімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
«NURORDA» мектеп-лицейі білім беру мекемесі мен Coventry University Kazakhstan арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандум 2026 жылғы 17 сәуірде Астанада қол қойылды. Құжатқа «NURORDA» мектеп-лицейінің директоры Халил Ибрахим Акбулут мырза және Coventry University Kazakhstan Президенті Мирас Дәуленов мырза қолдарын қойды.
Меморандум оқушылар үшін білім беру көкжиегін кеңейтуге, дарынды жастарды қолдауға және орта мен жоғары білімді халықаралық стандарттар бойынша интеграциялауға бағытталған. Ол студенттерді тарту саласындағы мықты серіктестікті орнатады және «NURORDA» оқушыларына эксклюзивті онлайн және оффлайн ақпараттық сессияларды, академиялық және кәсіби бағдар беруді, жылдам қабылдау процестерін, ерте шартты ұсыныстарды, Foundation немесе бакалавриат бағдарламаларына тікелей түсуді қамтамасыз етеді. Келісім сондай-ақ студенттік мәдени лагерлерді, «бір күн студент» тәжірибесін, мектеп пен университет оқушыларының бірлескен іс-шараларын, мұғалімдер мен кеңесшілердің кәсіби дамуын, сондай-ақ Coventry University Kazakhstan-ның IT Academy-і арқылы CISCO, Palo Alto, AWS және RedHat бойынша оқыту курстарын ұйымдастыруды қарастырады. «NURORDA» оқушыларына қолайлы жағдайда 20 %-ға дейінгі еңбегіне қарай ішінара стипендиялар ұсынылады.
«Біз «NURORDA» мектеп-лицейінің дарынды оқушыларын Coventry University Kazakhstan-ға қарсы алуға шын жүректен қуаныштымыз. Бұл Өзара түсіністік туралы меморандум дарынды жастар үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын мықты әрі мағыналы серіктестіктің бастауы болып табылады. Оларға Қазақстаннан шықпай-ақ әлемдік деңгейдегі британдық білім алуға тікелей жол ашылады. Біз оларға басымдықты қолдау, академиялық бағдар, стипендиялар және біздің бағдарламаларға үздіксіз өту жолын ұсынуға мақтанамыз. Біз «NURORDA»-ның тағы да көптеген жарқын және мақсатты түлектерінің Астанадағы, ал жақын арада Алматыдағы да өсіп келе жатқан университеттік қауымдастығымызға қосылуын асыға күтеміз», — деді Coventry University Kazakhstan Президенті Мырзас Дәуленов келісімге қол қою рәсімі кезінде.
«Бұл құжатқа қол қою біздің түлектеріміз үшін Қазақстаннан шықпай-ақ әлемдік деңгейдегі британдық білім алуға мүмкіндік береді. Жасалған меморандум оқушыларымыз үшін қаржылық жеңілдіктерді бекітіп қана қоймай, «NURORDA» мектеп-лицейінің үздік академиялық бағдарламаларға тікелей қолжетімділікті қамтамасыз ететін мәртебесін нығайта түседі. Бұл біздің бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау жөніндегі миссиямызды жүзеге асырудағы маңызды қадам», — деді «NURORDA» мектеп-лицейінің директоры Халил Ибрахим Акбулут мырза.
Анықтама: Coventry University 1843 жылы құрылған. Бүгінде университет Ұлыбританиядажәне Еуропа мен Азияда мамандар даярлау сапасы бойынша жоғары бағаланады. Білім сапасыҰлыбритания Үкіметінің «Алтын сапа белгісімен» расталған. Бұл беделді марапатқа 130 британ университетінің шамамен 40-қа жуығы ғана ие. Университет THE World University Rankings рейтингісіне сәйкес, «халықаралық бағдар» көрсеткіші бойынша әлемдегі үздік 100 университеттің қатарына кіреді, сондай-ақ, шетелдік студенттер саны бойынша Ұлыбританияда үшінші орынды алады.