Алматыда Coventry University кампусының ашылуы
Coventry University - 180 жылдан астам тарихы бар, практикалық оқыту тәсілімен танымал және индустрия саласымен тығыз жұмыс істейтін британдық университет.
Ол - әлемдік деңгейде мойындалған беделі жоғары оқу орны. Coventry University Ұлыбританиядағы оқыту сапасын бағалайтын ең беделді марапаттардың бірі - "Үздік алтын белгісіне" (Teaching Excellence Framework, TEF Gold) ие болған. Мұндай марапатты шамамен 130 британдық университеттің тек 40-қа жуығы ғана алған.
2024 жылы Астанада Coventry University оқу орнының тұңғыш кампусы ашылды. Бүгінгі таңда онда Қазақстан, Орталық Азия елдері мен өзге де өңірлерден 430-дан астам студент білім алуда. Университеттің оқу бағдарламалары компьютерлік ғылымдар, бизнес, қаржы, халықаралық қатынастар мен MBA Global Business (Executive) сияқты бағыттарды қамтиды.
Coventry University Қазақстанда белсенді жұмыс жасай отырып, 2026 жылдың қыркүйегінде Алматыда жаңа кампусын іске қосады. Ол қаланың іскерлік ауданында орналасып, жасанды интеллект, инженерия, архитектура, бизнес, қаржы және халықаралық қатынастар сияқты ең сұранысқа ие бағыттарды, сондай-ақ, магистратура, MBA Global Business (Executive), қаржылық технологиялар мен жаһандық қаржы бағдарламаларын ұсынады.
Халықаралық деңгейдегі оқытушылардың қатысуымен сабақтар ағылшын тілінде өтеді. Университет түлектері Қазақстанда жүріп, Coventry University оқу орнының британдық дипломын алады.
2 мамыр күні Алматыда Coventry University Kazakhstan жаңа кампусының таныстырылымы өтеді. Шараға қатысушылар білім беру бағдарламалары, оқуға түсу шарттары мен мүмкіндіктері жайлы мәлімет алып, университет өкілдеріне сұрақ қоя алады.
Күні мен уақыты: 2 мамыр, 11:00
Мекенжайы: Алматы қ., Самал-3 ықшамауданы, 15/1, Time Square БО