Компьютерлік ғылымдар бойынша дайындық жылы
Компьютерлік ғылымдар бағыты бойынша бакалавриатқа түсуге мүмкіндік беретін Дайындық жылына қабылдау ашық.
Басталу мерзімі: 2025 жылдың қыркүйегі және 2026 жылдың қаңтары
Дайындық жылы дегеніміз не?
Біздің Дайындық жылы — таңдаған бакалавриат бағдарламасына табысты қадам басуға мүмкіндік беретін дайындық кезеңі. Бұл оқу барысында сіз академиялық ағылшын тілін жетілдіріп, сыни ойлау мен талдау қабілеттеріңізді дамытасыз, сондай-ақ таңдаған бағытыңыз бойынша берік білім негізін қалыптастырасыз. Дайындық жылын сәтті аяқтау сіз таңдаған тиісті мамандыққа қабылдануға кепілдік береді:

-
Компьютерлік ғылымдар бакалавры
-
Компьютерлік ғылымдар және
жасанды интеллект бакалавры -
Ақпараттық технологияларды басқару бакалавры
Британдық дипломға апарар жолыңыз – Coventry University-де!
Біз екі қабылдау кезеңін ұсынамыз, бұл сізге дайындық жылын сәтті аяқтағаннан кейін бакалавриат бағдарламасында үзіліссіз оқуды жалғастыруға мүмкіндік береді.
Сіз не үйренесіз?
Оқу модульдері бакалавриат бағдарламасына дайындалуға бағытталған: сіз таңдаған мамандығыңыз бойынша базалық білім алып, әрі қарай оқуды сенімді жалғастыра аласыз.
КОМПЬЮТЕРЛІК ҒЫЛЫМДАР БОЙЫНША ДАЙЫНДЫҚ ЖЫЛЫ
- Академиялық тіл мен дағдыларды дамыту
- Фундаменталды математика
- Академиялық тіл мен дағдыларды жетілдіру
- Программное обеспечение и базы данных
- Сетевые технологии и коммуникации
- Қазақ тілі
- Қазақстан тарихы (ағылшын тілінде)
КОМПЬЮТЕРЛІК ҒЫЛЫМДАР БОЙЫНША ДАЙЫНДЫҚ ЖЫЛЫ - Қаңтар қабылдауы
Бұл мүмкіндік қыркүйек қабылдауына үлгермегендерге немесе басқа университеттен ауысқысы келетіндерге арналған.
- Академиялық тіл мен дағдыларды жетілдіру
- Бизнес-коммуникациялар
- Басқару негіздері
- Бизнеске арналған маркетинг
Дайындық жылы барысында сіз ұқсас бағыттағы студенттермен бірге оқисыз. Бұл сізге жаңа таныстар табуға, ортақ қызығушылықтар мен мақсаттары бар адамдармен байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
Сұрақтарыңыз бар ма немесе бағдарлама нұсқаларын зерттеп жүрсіз бе? Біз сізге дұрыс таңдау жасауға көмектесеміз!