Coventry University Kazakhstan университетінде грантқа өтінім қабылдау ашық!

Coventry University Kazakhstan 2026–2027 оқу жылына келесі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекттік гранттарға өтінім қабылдауды бастады:

Бизнес: 

  • Халықаралық бизнес-менеджмент бакалавры
  • Бизнес-әкімшілік бакалавры
  • Жарнама және цифрлық маркетинг бакалавры
  • Бизнес және адам ресурстарын басқару BA*
  • Банк ісі және қаржы бакалавры
  • Бизнес және қаржы бакалавры
  • Қаржылық экономика бакалавры

Компьютерлік ғылымдар:

  • Компьютерлік ғылымдар бакалавры
  • Компьютерлік ғылымдар және жасанды интеллект бакалавры
  • Ақпараттық технологияларды басқару бакалавры

* Ескерту: Студенттер саны білім беру сапасының тиісті деңгейін қамтамасыз етуге жеткіліксіз болған жағдайда, университет білім беру бағдарламасын іске қоспау құқығына ие

Дайындық жылы (Foundation) бағдарламасының бір жылын сәтті аяқтағаннан кейін студенттер өздері таңдаған үш жылдық бакалавриат бағдарламасына өтеді.

Іріктеу критерийлері:

  • Мектеп бітіруші түлектер үшін: 10-сынып (11 жылдық білім беру) немесе 11-сынып (12 жылдық білім беру) бойынша орташа академиялық балл (GPA) кемінде 4.0 болуы тиіс (5 балдық жүйе бойынша). Кесте және анықтама
  • Колледж түлектері үшін: 3 жылдық оқу бағдарламасы бойынша — 2-курс транскрипті (4 жылдық бағдарлама бойынша — 3-курс транскрипті, бағалары 5 балдық жүйеге ауыстырылған болуы керек). Кесте және анықтама
  • IELTS минималды деңгейі — 6.0 (әрбір бөлім бойынша 5.0-ден төмен емес) немесе TOEFL iBT 79 баллдан бастап эквиваленті.
  • Грантқа тек Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады
  • Байқауға тек 2026 жылғы мектеп пен колледж түлектері қатыса алады
  • Грантқа өтінім тапсырудың соңғы мерзімі — 2026 жылғы 15 ақпан дейін (Астана уақыты бойынша 23:59)

Грант алу процесі 3 кезеңнен тұрады:

Грантқа өтінім қабылдау (қатысушыларға қойылатын талаптарды жоғарыдан қараңыз)

Академиялық жетістіктерді бағалау

Мектеп бітіруші түлектер үшін:

  • Минималды GPA*: 10-сынып бойынша 5 балдық жүйеде кемінде 4 (кесте және анықтама) (Үлгі) (немесе 12 жылдық білім беру жүйесінде 11-сынып бойынша)
  • IELTS минималды деңгейі — 6.0 (әрбір бөлім бойынша 5.0-ден төмен емес) немесе TOEFL iBT 79 баллдан бастап эквиваленті.

Колледж түлектері үшін:

  • 3 жылдық оқу бағдарламасы бойынша — 2-курс транскрипті немесе 4 жылдық колледж бағдарламасы бойынша — 3-курс транскрипті бағалар 5 балдық жүйеге ауыстырылған болуы керек (Үлгі)
  • IELTS минималды деңгейі — 6.0 (әрбір бөлім бойынша 5.0-ден төмен емес) немесе TOEFL iBT 79 баллдан бастап эквиваленті.

* Егер үміткер республикалық немесе халықаралық олимпиада жеңімпазы болса, GPA орнына олимпиада сертификатын ұсынуға болады.

Соңғы екі жылдағы республикалық және халықаралық олимпиадалар мен кәсіби байқаулардың жеңімпаздары GPA критерийі бойынша ең жоғары баллды алады.

Олимпиадалардың тізімі 1-қосымшада көрсетілген.

Эссе келесі критерийлер бойынша бағаланады:

Эссе грант комитетінің мүшелері тарапынан төмендегі бағалау критерийлері бойынша бағаланады:

  • Кіріспе және қорытынды
  • Ойды дамыту және мазмұн
  • Логикалық байланыс пен құрылым
  • Грамматикалық дәлдік
  • Лексикалық қор мен сөз байлығы

Бағалау жұмысы Coventry University Astana базасында (Астана қаласы, Қорғалжын тас жолы, 13A), сонымен қатар Қазақстанның ірі қалаларында өткізіледі (өтетін орындар қосымша хабарланады).

Екінші кезеңге өткен әрбір қатысушыға эссе тапсыру орындары туралы толық ақпарат жеке хабарланады.

Нәтижелер:

Қорытынды баға келесі көрсеткіштер негізінде есептеледі: GPA, IELTS (немесе баламалы сертификат), эссе.

Грант иегерлері 2026 жылғы сәуір айында электрондық пошта арқылы Conditional Offer (шартты қабылдау туралы ұсыныс) хатымен хабарландырылады.  

Қорытынды іріктеу кезеңінен өтпеген үміткерлерге де электрондық пошта арқылы Rejection Letter (грантқа тағайындалмағаны туралы ресми хат) жіберіледі. 

Грант иегерлері ұсынуға тиіс құжаттар:

  • 2026 жылдың маусым айының соңына дейін ҰБТ-ны сәтті тапсырғаны туралы сертификат, кемінде жалпы балл — 50
  • 2026 жылғы мектеп немесе колледж дипломы және қосымшасы

* Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) - қаңтар, наурыз және маусым айларындағы ҰБТ сертификаттары қарастырылады. 

ҰБТ бойынша ең төменгі талаптар:

  • Жалпы балл: кемінде 50
  • Математикалық сауаттылық: кемінде 3 балл
  • Оқу сауаттылығы: кемінде 3 балл
  • Қазақстан тарихы және бейіндік пәндер: кемінде 5 балл

Бейіндік пәндер:

  • CUK Бизнес мектебі үшін: Математика, География
  • CUK Компьютерлік ғылымдар мектебі үшін: Математика, Информатика 

Құжаттарды жалғандату немесе талаптарға сәйкес келмеу жағдайында өтініш жарамсыз деп танылып, кандидат жарыстан шығарылады. 

Таңдау кезеңдерінің кез келгенінде бұзушылықтар анықталса, тіпті грант ұтқаннан кейін де қабылдау шешімі кері қайтарылады.

Қосымша мүмкіндік

Егер сіз Coventry University Kazakhstan-те оқу мүмкіндігіңізді арттырғыңыз келсе, 20%-ға дейінгі Early Bird жеңілдігіне өтініш бере аласыз. Бұл оқуға қабылданған кезде қаржылай қолдау алғысы келетіндер үшін керемет мүмкіндік. Қосымша ақпарат алу үшін Virtual Admissions бөліміне хабарласыңыз.

Қосымша 1

Соңғы екі жылдағы жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар/байқаулардың және кәсіби дағдылар бойынша жарыстардың жеңімпаздары.

Олимпиада/байқау жеңімпаздары 10-сынып (немесе 12 жылдық білім беру жүйесінде 11-сынып) орта баллы (GPA) критерийі бойынша ең жоғары ұпай алады немесе оған теңестіріледі.

Халықаралық олимпиадалар тізімі *:

  • Математикадан Халықаралық олимпиадасы (IMO)
  • Информатикадан Халықаралық олимпиадасы (IOI)
  • Географиядан Халықаралық олимпиадасы- (IGeO) 
  • Экономикадан Халықаралық олимпиадасы(IEO)
  • Математика, физика және информатикадан Халықаралық Жәутіков олимпиадасы
  • Математикадан жасөспірімдер арасындағы Балкан олимпиадасы (JBMO) (JBMO)
  • Батыс Қытай математика олимпиадасы
  • Қашықтықтан Азия-Тынық мұхиты математикадан халықаралық олимпиадасы ((9–11 (12) сынып оқушыларына)
  • «Жібек жолы» халықаралық математикалық олимпиадасы ((9–11 (12) сынып оқушыларына)
  • Математика, информатика, физика және химия пәндері бойынша халықаралық "Туймаада" олимпиадасы (математика және информатика бойынша жеңімпаздар)
  • Географиядан Еуропалық олимпиада (EGeo)
  • Қыздарға арналған математика пәні бойынша Еуропалық олимпиада (EGMO)
  • Информатикадан Орталық Еуропа олимпиадасы (CEOI)
  • Информатикадан Еуропалық жасөспірімдер олимпиадасы (EJOI)
  • Информатика пәнінен Евразиялық олимпиадасы (ШЫҰ елдері үшін)

Қазақстан Республикасының республикалық пән олимпиадалары тізімі*:

  • 9–11 (12) сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада (математика, информатика, география және Қазақстан тарихы пәндері бойынша)

Республикалық кәсіби шеберлік жарыстары:*

  • «WorldSkills International» халықаралық чемпионаты
  • «WorldSkills Europe» халықаралық чемпионаты
  • «WorldSkills Asia» халықаралық чемпионаты

Республикалық кәсіби шеберлік байқаулары:*

  • «WorldSkills Kazakhstan» республикалық чемпионаты

Қабылдау үшін пәндер мен талаптар:*

  • CUK Компьютерлік ғылымдар мектебі: Информатика, Математика, WorldSkills - ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • CUK Бизнес мектебі: Математика, География, Қазақстан тарихы

*Үміткерлер республикалық және халықаралық олимпиадалар/байқаулар бойынша қатыса алады 

Халықаралық немесе республикалық пәндік олимпиада/байқау жеңімпаздары үшін минималды талаптар

Олимпиада /байқау түрі

Марапат түрі

Республикалық олимпиада

Соңғы 2 жыл ішінде алтын және күміс медаль (I, II орын)

Халықаралық олимпиада

Соңғы 2 жыл ішінде алтын, күміс және қола медаль (I, II, III орын)

Халықаралық кәсіби шеберлік байқаулары

 

Соңғы 2 жыл ішінде алтын, күміс және қола медаль иегерлері

Республикалық кәсіби шеберлік байқаулары

 

Соңғы 2 жыл ішінде алтын және күміс медаль (I, II орын)